«Хабар» телеарнасы А.Уорд – С.Ковалев жекпе-жегін тікелей эфирден көрсетпек

«Хабар» телеарнасы А.Уорд – С.Ковалев жекпе-жегін тікелей эфирден көрсетпек

19-қараша. Turaninform. Жартылай ауыр салмақта өтетін Андре Уорд пен сол салмақтағы чемпион Сергей Ковалев арасындағы боксты тікелей эфир арқылы «Хабар» телеарнасы да көрсетпек. BNews.kz ақпаратында кездесудің таңғы сағат 9-да басталатыны хабарланған.

Бұл спорттық шайқас бокстағы елең еткізер оқиғалардың бірі. Кейінгі уақыттағы. Өйткені, екі боксшы да елеулі жетістікке жеткен. Мәселен, Афины Олимпиадасының чемпионы Андре Уорд кәсіпқой бокста мүлде жеңіліп көрмеген (30-0-0, 15 KO)! Суперортасалмақтағы қарсыластарының бәрін жеңіп, абсолютті чемпион атанғаннан кейін барып, жартылай ауыр салмаққа ауысып отыр. Бұл салмақтың үздігі үш аталым бойынша чемпион – Сергей Ковалев (WBA Super, IBF и WBO).

Андренің жылдамдығында, соққыдан сытылып шығу жағында т.б. мәселе болмаған бері, нокаутшы емес. Аутфайтер делінеді. Ал, қарсыласы Сергей нокаутшы. 30 кездесуінің 26­-сын нокаутпен аяқтаған! Демек, екеуі екі түрлі стильдің үздіктері десек болады. Соққыдан қорғана жүріп, ашық та жақын қашықтағы айқасқа түсіп қалмай, жылдамдығын алдыға салып, шаршата, ұпай санымен жеңуіне А.Уордтың жақсы мүмкіндігі бар сияқты. Керісінше, С.Ковалев нокаутшылдығына салып, ұрымтал сәтте ауыр соққы беріп-­ақ жеңіліп көрмеген, бірақ, бұл салмаққа көтерілгеніне көп болмаған Андрені ұтуына мүмкіндігі бар…

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0