13-қараша. Turaninform. ЮНИСЕФ 190 елге зерттеу жасап таратқан мәліметіне қарағанда, 2000ж. бері алғанда, 5-19 жастағы салмағы аз балалар санының үлесі кеміген. 13%-дан 9,2%-ға дейін. Жақсы жаңалық секілді көрінгенімен, мұның сыртында, басқа да мәселе жатыр делінеді, яғни, артық салмаққа, семіздікке душар болған бала саны артып кеткен. Бүгінгі күні 9,4%-ға жетіп отыр. 400 миллионға таяп келеді.
Бұл – әлемдегі жағдай жақсарғанының белгісінен бұрын, дұрыс тамақтанбаудың салдары. Себебі, кей тұрмысы нашар елдерде де ретсіз толықтыққа ұшыраған балалардың үлесі жоғары.
Фото интернеттен алынды


























ПІКІРЛЕР