22-қараша. Turaninform. Еліміздегі автонарыққа да «күз» келіпті. Автоөндіріс те, сату-сатып алу да әжептәуір төмендеген. Мәселен, fin prom.kz сайтының ақпаратына қарағанда, еліміздің жеңіл автокөлік құрастыру кәсіпорындары осыдан екі жыл бұрын 29 мыңнан аса өнім шығарса, биылдың он айында 8 мыңнан да аз екен! Жүк көлігіне қатысты да солай.
Бұрын автокөлікті импорттау «сәнге» айналса, енді бұл да құлдыраған. Мысалы, биылғы 9 айда, 16 мың автокөлік шетелден әкелініпті. Ал, былтыр сондай уақытта бұл көрсеткіштен 4 есе көп импортталған.
Әлеуметтік хал-ахуал қалай дегенмен өз ықпалын тигізеді. Бірақ, бұл көрсеткішке қарасаңыз, әжептәуір төмендегені байқалады. Сонда алдағы уақытта, өз елімізде ресейлік автокөлікті құрастыру экономикалық жағынан онан сайын тиімсіздеу болмақ па?..
ПІКІРЛЕР