ОПЕК келісімге келді: мұнай тұрақты қымбаттап, теңге тіктеле түсуі мүмкін бе?..

ОПЕК келісімге келді: мұнай тұрақты қымбаттап, теңге тіктеле түсуі мүмкін бе?..

1-желтоқсан. Turaninform. Құрманғали Нұрғалиев. Сонымен Австрия астанасы Венада мұнай өндіру көлемін шектеу бойынша, ОПЕК өзара да, Ресеймен де келісімге келді.  Жарты жылға негізделген. Келер жылдың мамыр айына жоспарланған кездесуінде созуға мүмкіндік те бар көрінеді.

ОПЕК басшысы, Катардың энергетика және өнеркәсіп министрі Мұхаммед Бен Салех ас-Сада: «Біз барлық көзқарастарды саралап, рынок тепе-­теңдігін қайтадан қалпына келтіру қажет деген ұйғарымға келдік» (www.oilru.com) деген.

Келісім бойынша келер жылдың қаңтар айынан бастап, ОПЕК мұнай өндіруді тәулігіне 1,2 млн баррельге қысқартпақ. Оның ішінде Сауд Арабиясы 500 000-­ға, Ирак 209 000-­ға қысқартса, Иран 3,797 миллион баррельден асырмауы тиіс. Ал, ОПЕК-­тен тыс мемлекеттер келісім негізінде тәулігіне 600 000 баррельге дейін қысқартады. Оның 300 мыңы Ресейге тиесілі.

Демін ішіне тарта күткендей болған биржада, сол уақытта, мұнайдың Brent маркасының бағасы барреліне $51,89-­ға дейін секірді. $52-ні де бағындырды. Қазан айының соңынан бері бірінші рет. Әрине, баға тұрақталған жоқ. Әлі ойнап тұр. Ойнайды. Бірақ, көтерілуіне мүмкіндік көбірек…

Дегенмен ОПЕК­-тің бұл келісімі тарихи абырой әкелді десек болады. Егер, нақты іске асса, тіптен. Өйткені, басқа жылды айтпағанда, биылдың өзінде бірнеше рет кездесіп, келісімге келуі қиын болған еді. Ал, сол келісе алмаудың кесірі ОПЕК-­ке деген сенімді төмендете түсті. Сондықтан бұл кездесу ОПЕК­-ке сенім үмітін жалғады. Ұйым ретінде бар екендігін білдірді десек болғандай. Тіпті Индонезияның аталған ұйымнан шығуының өзі тасада қалған секілді.

Бұл шикізатқа сүйенген біздің елге де жақсы. Мұнай қымбаттаса, доллар ағыны көбейеді, тиісінше, теңге тынысы кеңеймек. Бюджет бүйірі толмақ т.б.

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0