ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 100 профессор-оқытушы мен 100 студентке сыйақы берілді

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 100 профессор-оқытушы мен 100 студентке сыйақы берілді

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!» атты  салтанатты шара өтті.

Салтанатты жиынды университеттің оқу-ісі жөніндегі проректоры Жүнісов Абайбек Талғатұлы ашып, шараға қатысушыларды мерекемен құттықтады.

–   Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймын! Әрбір адам секілді әрбір мемлекет те өткені мен бүгініне көз тастай отырып, болашағын бағдарлайды. Алға қойған мақсаттарын нақтылай түседі. Біздің Қазақ елі де аңсаған азаттығына ұлы мақсаттар мен биік ұмтылыстардың арқасында жетіп, бүгінде қастерлі Тәуелсіздік ұғымының 25 жылдығын атап өтіп отыр,– деді.

Еңбегімен дараланған оқытушы-профессорларды Қорқыт Ата атындағы Алтын медалмен марапаттап, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісін және ҚР Ұлттық инженерлік академиясының марапаттарын тиісті иелеріне табыстады.

Шара барысында “Нұр Отан” партиясы республикалық хатшысының дипломымен марапатталған “Тұран” филиалы жанындағы “Жас Отан” Жастар қанатын  және “Жас Отан” Жастар қанаты қызметінің  дамуына қосқан үлесі үшін” номинациясының иегері Базартай Жандос Нұртайұлын биіктен көрінуімен салтанатты түрде құттықтады.

Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары алғыс хатымен партияның белсенді мүшелері марапатталды.

Ең маңыздысы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік күні мерекелеріне орай көп жылғы жемісті шығармашылық еңбектері және студенттерге сапалы білім берудегі жетістіктері үшін 100 профессор-оқытушы мен үздік 100 студент бір реттік шәкіртақы көлемінде ақшалай сыйлықпен арнаулы үнемделген қаржы есебінен марапатталды.

Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға жалғасты.

Айта кетерлік тағы бір жәйт, бүгінде университетімізде Тәуелсіздікпен құрдас, 1991 жылы дүниеге келген – 15, сол жылы жұмысқа орналасқан 20-ға жуық оқытушы қызмет етеді.

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ

         Баспасөз орталығы

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0