Үкімет басшысы Б. Сағынтаевтың айтуынша, экономиканы 1%-дық өсіммен аяқтауға мүмкіндік жоқ емес

Үкімет басшысы Б. Сағынтаевтың айтуынша, экономиканы 1%-дық өсіммен аяқтауға мүмкіндік жоқ емес

21-желтоқсан. Turaninform. Экономиканың жағдайы жаман болмауында, алға жылжуында немесе құлдырауында, үкіметтің міндетті түрде қолтаңбасы болатыны белгілі жәйт. Соған салсақ, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың, үкімет отырысында биылдың 11 айындағы көрсеткіштерді оң деуі, бір жағы өздерінің де жұмыс нәтижесінен хабар береді.

«Қазіргі таңда біз барлық қорларды пайдаланудамыз. Біз әкімдермен және компаниялардың басшыларымен сөйлестік. Осы жылды 1%-дық өсіммен аяқтау мүмкіндігі бар, сол себепті де біз осы бағытта барлық күш-жігерімізді салуымыз керек» (www.primeminister.kz) деп атап өтті Үкімет басшысы.

Әзірге, ЖІӨ өсімі – 0,8%. Әрине, экономикалық өсім жөнінен санкцияның сан тармағы қысып тұрған Ресейден сәл болсын, жақсы секілді… Бірақ, егер, әлемдік орташа экономикалық өсу биыл 2,5%-дай болса, онда пәлендей жақсы көрсеткіш дей алмасақ керек.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0