Антониу Гутерреш, БҰҰ Бас хатшысы: «Біздің басты мақсатымыз, жолбасшы жұлдызымыз – бейбітшілік болуы тиіс»

Антониу Гутерреш, БҰҰ Бас хатшысы: «Біздің басты мақсатымыз, жолбасшы жұлдызымыз – бейбітшілік болуы тиіс»

2-қаңтар. Turaninform. Құрманғали Нұрғалиев. Португалиялық саясаткер Антониу Гутерреш 2017­жылдың 1-­қаңтарынан бастап, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы қызметіне ресми түрде кірісті. Мұның алдында оңтүстіккореялық Пан Ги Мун Бас хатшы болғаны белгілі.

Қызметке кірісе сала жариялаған үндеуінде: «Біздің басты мақсатымыз, жолбасшы жұлдызымыз – бейбітшілік болуы тиіс. Баршаңызды бүгінге де, әр күнге де бейбітшілік үшін күресу міндетін алуға шақырамын. 2017-жыл – бейбітшілік жылы болсын!» (webtv.un.org), – деді жаңа Бас хатшы.

Бес жылға сайланған Антониу Гутеррештің алдында үлкен міндеттер тұрғаны белгілі. Соның барлығының түбірі – БҰҰ беделін, ықпалын көтерумен сабақтасады десек артық болмас. БҰҰ жақсы бағытта жаңарса, күшейсе, Жер жүзі елдерінің қарапайым азаматтары да игілігін көреді деп ойлаймыз.

Фото milligazete.com.tr-ден

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0