Білім беру мәселесі…

Білім беру мәселесі…

Ұлттық тәрбие мен білім қатар жүретін егіз ұғым. Ұстаз – ұлттың тәрбиешісі. Біздегі дәрігерлер мен ұстаздардың табыстары елдегі орташа табыстың 58%-ын құрайды. Кемаль Ататүрік ұстанған, «Ұстаздардың табысы депутаттардан жоғары болғанынан бастап», ел өркениетке қадам басады. Оған дейін жабайы болып қала бермек.

Соңғы білім реформасына қоғамның 80%-ға жуығы қарсы болды не түсінбеді. Қоғамда оны мемлекеттік тіл мен ұлттық ғылымды жоюға бағытталған бағдарлама деп қабылдауда.

Бұл бағдарламаның педагогика ғылымы мен баланың физиологиясына сай келмейтін жерлері: тілі енді шыққан балаға үш тілді бірден үйрету. Іргетассыз үй болмайтыны сияқты ана тілінде жетік сөйлеп, дүниетанымы қалыптаспаған адамда ұлт та,Отан да болмайды. Сонда біз кімді, қандай мақсатпен оқытып жатырмыз?

Бағдарламадағы екінші қайшылық – жоғарғы сыныптарда физика, математика, химия, биология… пәндерін ағылшын тілінде оқыту. Ол, осы уақытқа дейін қалыптасқан отандық ғылымның негізін құртады. Қазақстан іргелі (фундаментальный) ғылым дамыған елдердің қатарына жатады. Ондай ғылым біздің шенеуніктер еліктеп отырған Сингапур мен Малайзияда жоқ. Мысалы, Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың механика-математика факультетінің білімін тек ғана АҚШ, Германия, Ресей сияқты санаулы елдердің университеттерінде береді.

Он жыл бойы Болонн процесіне кіргенді жоғарғы білімдегі ерекше  құбылыс санап келеміз. Қазақстан, оған Азия мен Африканың 54 елімен бірге кіргендіктен, сол топтың ішінде болуда. Ресей мен Қытай бұл процесске кірмеді. Әрине, оның стандарттары біздегі білімді белгілі дәрежеге көтереді деп күтілді. Бірақ, бұл процесстің талаптары бойынша, оған кірген университеттерде ұлттық тәрбие, ұлттық философия және ұлттық дәстүрді… оқуға тыйым салынады яғни ол да ұлтты жоюға бағытталған жаһанданудың бір әдісі.

Біздегі білім саласында шешілмеген мәселелер жетерлік. Негізгі мәселенің бірі – Үкіметтің санаулы мектеп не университетерге жақсы көңіл бөліп (мысалы, 20 Назарбаев интеллектуальдық мектебі) басқа 8,1 мыңнан астам мектептерге жете көңіл бөлмеуінде. Үкіметтің негізгі міндеті «ала қойды бөле қырқу…» емес, барлық мектептер мен университеттердегі білім сапасын көтеру болып табылады.

Осы саладағы басталып, аяқсыз қалған немесе МакКензи компаниясы сияқтылар жасаған реформаларға сараптама жасағанда, солар қалыптасқан білім саласын жоюға жұмыстанып жатқан жоқ па деген қорытындыға келесің…

Білім мен ғылым, бүгінгі қоғам алдында тұрған негізгі мәселелер – адам капиталын дамыту, инновациялық экономикаға көшу және интеллектуальдық Ұлт қалыптастырудағы негізгі рөл атқарады. Адам капиталы (АК) сапалы білім, жоғарғы тұрмыс деңгейі, зерделік  және ғылым арқылы инновациялық экономиканы қалыптастыратын негізгі фактор болып табылады (7).

П.Друкер т.б. дәлелдеуі бойынша қазіргі заманда дәстүрлі ресурстар, өндіріс факторлары (капитал, еңбек, жер) екінші қатарға кетіп, білім алдыңғы қатарға шықты (7-8).Адам факторы заманауи қоғам мен компанияның бәсекелестігін айқындайды. БҰҰ 1990 жылдан бері қоғамдық прогресті немесе «өмірдің сапасы» не «өмірдің деңгейін»  Адам дамуы индексі (АДИ) арқылы көрсетеді. Бұл индекс негізгі үш бағыт бойынша елдегі денсаулықтың жағдайы, білім алу деңгейі және азаматтардың табысын көрсетеді:

  1. Адам дүниеге келгеннен бастап есептелетін денсаулық және өмір ұзақтығы көрсеткіші;
  2. Үлкендердің сауаттылық деңгейі мен жалпы біліммен қамтылғандардың коэффициентімен өлшенетін білімге қолжетімділік көрсеткіші;
  3. Әр тұрғынға шаққандағы жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемімен АҚШ долларымен тұрғындардың сатып алу мүмкіндігінің паритеті бойынша өлшенетін қанағаттанарлық өмір деңгейі

Елдің даму деңгейін анықтайтын бұл индекс бойынша 2012 жылы Қазақстан әлемде 69 орынды иемденді (РФ-55, Беларуссия-50, Эстония-30) ([9], c.143):

Бұл АДИ көрсеткішінің үшеуінің ішінде Қазақстанда ең жоғарысы білім деңгейі, одан кейін өмір ұзақтығының индексі де, төмені – ол әр тұрғынның табыс индексі.

Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуды жоспарлаған «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыру үшін адам даму индексінің (АДИ) барлық саласын бір мезгілде дамыту қажет.АҚШ-та адам капиталына бөлінетін қаржы ЖІӨ-нің 26%, Қазақстанда  9%-ын құрайды.Жапония, Оңтүстік Жапония т.б. дамуында жақсы  жетістіктер көрсеткен елдер негізгі күшті адам капиталына инвестиция салу арқылы «ақылды экономиканың» үлгісін жасады. Ал, бүгінгі Қазақстан кәсіпкерлері технологиялық (интеллектуальдық) рента емес, шикізат және әкімшілік рентаға бейімделген.

Әлемдік банктің дерегі бойынша АҚШ-тағы ұлтттық байлықтың ішінде өндірістік қордың үлесі 21%, табиғи ресурстар – 8,6% және адам капиталы – 72,1% [10]. Батыс Еуропада бұл көрсеткіштер-23, 2% и 74%; Ресейде– 23,37% и 40% [11]. Қазақстандағы адам капиталының орташа көрсеткіші-18% болғандықтан, оны 3,5-3,6 есе өсіру көзделген.

Әлемдік банктің 192 елдегі зерттеулері көрсеткендей транзитті  (өтпелі) экономика елдеріндегі экономикалық дамудың 16% ғана физикалық капиталдан (құрал-сайман, ғимараттар және өндіріс инфрақұрылымдары), 20%-табиғи байлықтар және қалған 64% әлеуметтік және адам капиталымен байланысты. Дамыған елдердегі ұлтық байлықтың 40% тиімді білім жүйесін дамытудың қорытындысы. Сондықтан, соңғы 25-30 жылда әлемдік экономика негізінен адам капиталы есебінен дамуда, яғни бәсекелес адам капиталын қалыптастырудың негізі білімде. Статистика Агенттігінің деректері бойынша 2011 жылы қазақстандықтардың сауаттылық деңгейі 99,6% болды. 15 жастан жоғарылардың 20%-ың жоғары білімі бар[6].

Әлемдік экономикалық форумның бәсекелестік рейтингі бойынша Қазақстан 2006 жылғы 56 орыннан 2011-2013 жылдары 51 орынға жылжығанымен, адам капиталын дамытудың негізгі көрсеткіші – тұрғындарды біліммен қамтамасыз ету индексінде төмендеу (-12 саты): орта білімде (-17) және жоғары білімде (-1).

Біздегі студенттерге бөлінетін қаржы дамыған елдерден 6 есе төмен. Жоғарғы білімге бөлінетін мемлекеттік қаржының деңгейі, ЖІӨ %-пен есептегенде (ҚР статистика Агенттігінің дерегі) Қазақстанда-0,2%, дамыған елдерде орташа -1,6%.

TIMSS халықаралық ұйымның 2007-2011жылдары Қазақстанда жүргізген зерттеулері отандық білімнің сапасы мен деңгейі инновациялық экономикаға сай емес екенін көрсетті.

Әлемдік Бәсекелестік Индексінде Қазақстан білім сапасы бойынша 144 елдің ішінде 101 орында және инновациялық потенциал бойынша 90 орында.

Басқа елдерде жоғарғы білімділердің арасында жұмыссыздық басқа категориядағы адамдардан 2 есе төмен болса, Қазақстанда керісінше 3 есе жоғары. Бұл көрсеткіш 2011 ж. 24,9% құрады.

Әлемдік экономикалық форумның (WEF) [7] есебі бойынша Қазақстан  2009 жылы «Денсаулық/орта білім» факторы бойынша 141 елдің ішінде 85 орында болды. Қазақстанның орта және жоғарғы білімінің сапасы бәсекелестікке сай емес. Білім сапасын көтеруде мектепке дейінгі білім мен тәрбиенің маңызы зор. Қазақстанда бұл категорияға бөлінетін шығын Еуроодақтан 10-20 есе төмен және ЖІӨ-нің 0,1 – 0,2% құрайды.

Орта білімнің материальды-техникалық және оқу-методикалық базасынашар, инновациялық оқыту әдістері қолданылуы қанағатсыз. Сабақтар оған бейімдделмеген бөлмелерде оқытылады және мектептердің 50% шағын кешенді, мұғалімдердің табысы елдегі орта табыстың 58%-ынқұрайды [14].

Еңбек нарығында кәсіпқой стандарттардың жоқтығы, дайындалатын мамандардың сапасының төмендігі, тиімсіз басқару, қаржыландырудың төмендігі техникалық жәе кәсіпқой білімнің шешілмеген негізгі мәселелері болып табылады. Сонымен қатар, кәсіптіктехникалық білімнің компаниялармен, жалпы, нақты экономикамен байланысының жоқтығы оның түлектеріне қажеттілігін төмендетеді.

WEF-тің 2009 жылғы («жоғарғы білім/тренинг») рейтингі бойынша Қазақстан 141 елдің ішінде 65 орын алды.

Жоғарғы білімді дамытудың негізгі мәселелері:

– Қазақстанда білімге ЖІӨ-нің 4,0% деңгейінде қаржы бөлінсе, дамыған елдерде ол 16%-ға жетеді. Бюджетттік қаржыландырудың төмен болуы ақпараттандыру және жаңа технологияларды енгізу, білім беру деңгейінің төмендігінің т.б. себебі болуда;

– Білікті мамандардың жетіспеуі. Жалақының төмендігі мектептер мен университеттердегі білікті мамандардың жетіспеуі және тұрақтамауларының негізгі себебі болып табылады;

– студентер мен маистранттарда өз еркімен жұмыстану қалыптаспаған. Студенттердің білімін тек тест арқылы бағалау олардың креативті ойлауы мен аудитория алдында сөйлеу қабілетін төмендетеді. Әлемнің алдыңғы қатарлы университеттеріндегідей студенттердің өтпелі және қорытынды білімдерін тексеруде тестпен қатар, жазбаша және ауызша білім ді тексеру қажет;

– Қазақ ЖОО-нда дайындалған ғылыми жұмыс пен оларды ендіру батыс университеттерінен он еседей төмен және ғалымдардың саны өткен ғасырдың 50-60-шы жылдарындағыдан әлдеқайда төмен. Университеттер мен ҒЗИ ғылыми потенциалы тиімді пайдаланылмайды. Талантты жастарды ғылымға тартуға жағдай жасалмаған;

-Мамандарды дайындау жүйесінің қазіргі талаптар мен тәжірибеден алшақтығы. Бұл мәселені шешуде батыс университеттеріндегідей [9], мамандарды дайындаудың дуальды жүйесін енгізу маңызды. Экономиканың әр саласында жұмыс істеп жүргендердің 33,5% өз мамандықтары бойынша, оның ішінде қала тұрғындарының- 53%, ауылдағылардың-22%.

– Ірі және орта кәсіпорындарда жыл сайын 18-20 мыңорын бос тұрады және басқа мамандықтар бойынша мамандардың артықшылығы байқалады [10];

–  Әлемдік банктің деректері бойынша мұнай саласы , машинаөнеркәсібі, металл өңдеу салаларында мамандар жетіспейді және осы салаларда істейтін мамандардың 60%-ның кәсіптік деңгейлерінің төмендігі, бұл салалардағы өндіріс пен бизнестің дамуына кедергі болуда. Жұмыс күшінің сұранысы мен ұсыныстың сай келмеуі бір жағынан жұмыссыздықты туғызса, екінші жағынан – маманданған инженер-техникалық мамандар, ақпараттандыру т.б. жетіспеуі.

Аграрлық салада еңбекке жарамды тұрғындардың үштен бірі еңбек еткенімен, бұл саланың ЖІӨ-дегі үлесі небәрі 4,7%, яғни ол адам капиталының дамымағанын көрсетеді. Президенттің 2008 жылғы Қазақстан халқына жолдауында, «біздегі ауыл тұрғындарының еңбек өнімділігі батыс елдердегіден 20 есе төмен екені…» айтылады.

Халықаралық Адам институтының сараптамалары тәрбие мен білім саласында жоғарыдағыларға қоса шешуін табуды қажет ететін келесі түпкілікті мәселелердің бар екенін көрсетті:

– Көптеген балалар тәрбиесі ошақарында жергілікті халықтың дәстүрі мен мәдениетіне негізделмеген тоталитарлық жүйеден қалған «дәстүр» сақталуда. Ол, бұл салаларда әлі ешқандай реформа жүрмегенін көрсетеді.

– XIX ғасырдаотарлаушылар далада хатшылар, аудармашылар, толмачтар т.б. дайындайтын бұратана халықтарға арналған аралас мектептер ашты. 1916 жылы халық патшаның саясатына қарсы көтеріліске шыққандар алдымен елдің мүддесін сатқан, сол мектептерді бітірген «білімділерді» жазалады. Отарлаушыларға қызмет еткен аралас мектептердің түлектері алашордалықтар сияқты ұлтының зиялысы бола алмады. Ш. Уәлихановтың өзі отарлаушылардың алдауында жүргенін өмірінің соңында түсінді.

Бүгінгі Қазақстанда бала-бақшалар мен университеттердің жартысы, әрбір үшінші мектеп – аралас яғни бұратана ұрпақ тәрбиелейді.Мысалы, Алматыда мемлекеттік тілде тәрбие беретін бала-бақшаның үлесі-10%, метеп-33%, Астанада – 50%-дан кем. Бұндай білім жүйесімен мемлекеттік институттар мен адам капиталын дамыту және толыққанды интеллектуальдық ұлт қалыптастыру мүмкін емес. Бұл бұратана тобырды өсіретін білім жүйесі;

– Аралас және орыс мектептері мен университеттердегі білім жүйесі негізінен кеңестік-ресейлік. Олар математикадан жақсы білім бергенімен, қалған пәндердің білімі төмен. Қорытындысында Батыс ғалымдарынан біздің ғалымдар ашқан жаңалықтар он есе, оларды өндіріске ендіру 14-16 есе төмен;

– Ресей университеттері- олXVIII ғ. Пруссия университеттерінің көшірмесі. Ал, қазақ университеттері Өткен ғасырдың 30-шы жылдарындағы Ресей университеттерінің көшірмесі болғандықтан, бәсекелестікке қабылетсіз болып қалуда;

– Соңғы 25 жылда «Болашақ» бағдарламасымен және өз бастарымен жүз мыңнан астам жастар шетелде оқыды. Бірақ ол жоғары сапалы ғалым, мененджер не инженерлер дайындауда ойдағыдан шықпады. Бұл бағдарламалардың көңілден шықпауының себебі, біздің студенттер негізінен шетелдің университеттеріне

Білім мен ғылым іздеп емес, диплом, сертификат алуға немесе шет тілдерін оқуға барды;

  • Біздегі білім жүйесінің келесі мәселесі, – онда негізгі фактор- адам интеллектісінің қалыптасу факторы қаралмайды. Адам интеллектісінің 40-50% бес жаста, 60-70% жеті жаста, 9 жаста 92%-ға дейін және 15 жаста олық қалыптасатыны ғылыми дәлелденген. Бізде мектепке бала 7 жаста (Жапонияда 5 жаста) барады және аптасына орташа 41-42 сағат (Жапонияда 52 сағ.) оқиды. Қорытындысында, біздің оқушылар 10 жылдық бітіргенде шетелдік құрдастарынан 5 мыңдай сағат, 12 жылдықта- 6 мыңдай сағат яғни бакалаврдің курсын кем оқиды. Одан кейінгі кәсіптік-техникалық білім мен университеттердегі артта қалу қорытындасында ғылым, технология және инновацияның дамымауының себебі болмақ. Бұндай қоғамның мүшелері өз мүмкіндіктерін толығымен көрсете алмайды яғни толығымен бақытты бола алмайды. Сұрау жүргізгендердің 60% республикадағы білім деңгейі төмен деп жауап берсе [Kapital.kz.], тағы 22,9% бірінші кезекте өте білікті ұстаздар қажет екенін мәлімдеді. Респонденттердің 13,9% мемлекеттік оқу орындарында, жекеге қарағанда оқу процессін бақылау қатаң екенін атап көрсетсе, қазақстандықтардың тек 4,2% ғана қосымша сабақтардың болуына байланысты жеке білімді қалдыруға болатынын қолдады. Соңғы жылдары отандық ЖОО АҚШ, Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия т.б. елдерден төрт мыңдай ұстаздар мен ғалымдар шақырды. Сонымен бір уақытта шетелде білім жетілдіру іске асуда. Қазақстанның білімінің мәселелерін Болонн процессі (оған бір уақытта Азия мен Африканың 54 елі кірді) мен 12 жылдыққа көшу шешпейді. Сондықтан білім мен ғылым жүйесін толық модернизациялау керек.

БҰҰ дерегі бойынша Қазақстан тұрғындарының өмір ұзақтығы мен денсаулық саласы бойынша 128 орында (РФ-112, Беларуссия-118). Тұрғындардың сауаттылығы, білімге қолжетімділік және гендерлік теңдік бойынша Қазақстанның көрсеткіші жоғары болғанымен, өмір ұзақтығы бойынша Гондурас (73,4), Алжирлерден (73) кейін қалған, кейбір деректерде Қырғызстан мен Өзбекстанмен (68-70 жас) шамалас. Адамдардың өмір ұзақтығы әлеуметтік факторлар, өмір деңгейі, тұрғындардың денсаулығы және экологиялық жағдайға тікелей байланысты. Бұл жерде Ресейге 50 жылға берілген Байқоңыр космодромы мен 10млн га жуық әскери полигондардың зардабы көп.

Қазақстан 2012 жылы өмір деңгейі бойынша 144 елдің ішінде 46 орында болды.

ПРООН-ның дерегі бойынша Батыс Еуропада денсаулық пен білімге ЖІӨ-нің 8,1% және 8,5% бөлінеді. Әлемді денсаулыққа орташа 5,5% (Қазақстанда 2,5%) бөлінеді. Дамыған елдерде халықтың 50%, АҚШ-та еңбекке жарамды тұрғындардың 2/3 ой еңбегімен айналысады.

Бұрынғы құндылықтар өзгеріп, қоғам өркениетке бағыт алып жатқан, қазіргідей өтпелі кезеңде тәуелсіз елдің алға басқан қадамы қарымды болу үшін, қоғамға ендіретін жаңалықтар мен ұстанымдарды алдын-ала жан-жақты саралап, қайта қарауды талап етеді. Оған Дао философиясы мен Кама ілімінен бастап, ұлттық дәстүрдің есті-есерін айыру, қабылдайтын діни ағымдар, Болонн процессі… Абайдың шығармаларын т.б. ұлт пен ұрпақты дамытуға қажетті барлық шаралар жатады. Сонда ол, «соқыр тауықтың жемі емес», ұлт пен ұлысты дамытып, жаңа сапалық дәрежеге көтеретін ұлттық идеяның құралына айналады. Онсыз қоғамда оң өзгеріс болмайды. Құран Кәрімнің бір аятында, “Күдіксіз бір қауым өзін өзгерпейінше, Алла оларды өзгерпейді!”деген.

(«Тәуелсіз Қазақстанға 25 жыл. Қазақ өркениетіндегі Ұлт және ұрпақ мәселесі» атты еңбектен үзінді)

Жанұзақ Әкім, Халықаралық Адам институтының басшысы

 

 

 

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0