Сыр өңірі агроөнеркәсіп кешенінің даму көрсеткіштері туралы жиын өтті

Сыр өңірі агроөнеркәсіп кешенінің даму көрсеткіштері туралы жиын өтті

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен агроөнеркәсіп кешенін дамыту және ауылшаруашылығы кооперациялары мәселелеріне арналған жиында өткен жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланды.

Жиынды аша отырып, аймақ басшысы өткен жылы ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыру бағытында ауқымды істер атқарылғандығын атап өтті. Күріштен кезекті рекордтық өнім жиналды, ауыл шаруашылығының өзге де  салаларында өсім байқалады. Дегенмен, ауылшаруашылық өнеркәсібінің қарқынды   дамуын қамтамасыз ету  үшін алда көптеген ауқымды істерді атқару міндеті тұр.

 Облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязовтың айтуынша, 2016 жылы аграрлық секторды мемлекеттік қолдауға 9,1 млрд. теңге бөлініп, көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 11,1% артқан. 79,0 млрд. теңгенің өнімі өндірілген немесе өсім 2015 жылмен  салыстырғанда  7,3%-ға ұлғайған. Ауыл шаруашылығының негізгі қорына салынған инвестиция көлемі 2016 жылы 3822,3 млн. теңгені құрап, былтырғы  жылмен салыстырғанда 2,2 есеге артты.

2016 жылы облыс бойынша 133 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған: мал шаруашылығы саласында – 34, егіс саласында – 34, көпсалалы – 65. Құрылған кооперативтерге барлығы 746 фермерлік шаруашылық біріккен.

Сондай-ақ жиында ауыл шаруашылығы компанияларының басшылары сөз сөйледі. Олар нарықта сұранысқа ие өнімдер шығарудың ерекшеліктеріне тоқталып, көктемгі егіс науқанына дайындық жұмыстары туралы баяндады.

  Қызылорда облысы әкімінің Баспасөз қызметі

  Түпнұсқадағы тақырыбы: СЫР ӨҢІРІНДЕ АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ 2016 ЖЫЛҒЫ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ  ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0