Белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин «Қазақстан РТРК» АҚ Басқармасының төрағасы қызметіне тағайындалды

Белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин «Қазақстан РТРК» АҚ Басқармасының төрағасы қызметіне тағайындалды

10-ақпан. Turaninform. Ерлан Қарин – елге жақсы таныс. Саяси ортада өзіндік орнын алып қойған ол, соңғы қызметі – Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директорлығын атқара жүріп, аталған ұйымды жаңа жетістікке жеткізді.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында, «Қазақстан» РТРК» АҚ ұжымына Ерлан Қаринді таныстырғанын, оның кәсіби, тұлғалық қырларын да атап өтіп: «…бұған дейінгі іргелі шараларды одан әрі жалғастырып, корпорацияны жаңа деңгейге көтереді деп сенемін» деген.

 Ақпарат құралы қай елде де саясатпен байланысады… Ендеше, еліміздегі іргелі БАҚ-­тың басшылығына саясаттың қырын алыстан көріп, сырын тереңінен сезетін азамат келіп отыр.

Белгілі саясаттанушы, ұлтжандылығы да бір төбе Ерлан Қариннің жаңа жұмысына сәттілік дейміз!

Фото khabar.kz-тен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0