А.Мырзахметов: Кооперация – ауыл болашағы

А.Мырзахметов: Кооперация – ауыл болашағы

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Оңтүстік Қазақстан облысы жұртшылығымен кездесу барысында Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының басты басымдықтарын баяндай отырып, кооперацияға баса мән беріліп отырғанын жеткізді.

2016-жылы 15 мың жеке қосалқы шаруашылықты қамтыған 157 кооператив құрылды. Олардың базасында жүзден астам сүт қабылдау пункті мен жеті мыңнан астам отбасылық бордақылау алаңы ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылы құрылатын кооперативтер саны екі есе артады. Жалпы алғанда, алдағы бес жылда кооперативтер көрсететін қызметтермен жарты миллион жеке қосалқы шаруашылық пен ұсақ шаруашылық қамтылатын болады.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0