Димаш Құдайберген I am a Singer байқауында 2-орын алды

15-сәуір. Turaninform. Әне­-міне дегенше финалға да жетті. 2-орын алды. Бұл – Димаш Құдайбергеннің ән өнеріндегі жаңа бір кезеңі. Биік белесі дегеннен гөрі, шыққан бір шыңы деген жөн болар.

Ол финалда Майкл Джексонның The Way You Make Me Feel, Dangerous, Billie Jean, Earth song атты әндерін шырқады. Ал, бірінші орынды Гонконг әншісі Санди Лэм (Sandy Lam) алды.

Димаштың өнерін құрметтеуші қытайлықтар енді қандай қадамдарға (жақсы жағынан) барады? Қазақ еліне қаншалықты әсер етеді?.. Ал, Димаш бауыр ше?.. Мұның барлығы алдағы уақыттарда айқындала түседі…

Қалай дегенмен, Димаштың әлемге танымал әнші деңгейіне көтерілуге жол ашылып тұрғандай. Олай болса, ізін суытпай, естен кетпес «төлқұжат» әндерін шығарғаны жөн болар.

Аман бол, Димаш бауыр! Білімді тағы арттыр! АЛЛА тіл-­көзден сақтай көрсін!

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0