Журналистика мамандығы бойынша ІХ республикалық пән олимпиадасы басталды

Бүгін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша ІХ республикалық пән олимпиадасы басталды. 20-21 сәуір күндері аралығында өтетін білім бәсекесіне елімізде журналист мамандар даярлайтын 13 жоғары оқу орнынан 39 студент қатысып, өзара бақ сынауда.

Олимпиадаға қатысушылар білім додасының алғашқы күнінде университеттің «Археология және этнография», «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» көрме залдарымен, сондай-ақ «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхана жұмыстарымен танысты.

Олимпиаданы университеттің оқу-тәрбие ісі жөніндегі проректоры Б.А.Жұнайдұлы ашып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар олимпиаданың ашылу рәсімінде әділқазылар алқасы мен білім додасының ережесі таныстырылды.

Байқауға қатысушылар олимпиаданың алғашқы турында команданы таныстырса, екінші турында эссе жазады.

Сонымен қатар республикалық олимпиада аясында жас ақындардың шығармашылық кеші өтеді.

21 сәуір күні олимпиаданың үшінші туры болады. Онда қатысушылар тест тапсырып, «Жедел ақпарат» жазудан сайысқа түседі.

Олимпиаданың жабылу рәсімі 21 сәуір күні сағат 16.00-де Мұстафа Шоқайтану орталығында өтеді.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің баспасөз қызметі

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0