Францияда Қазақстанның қатысуымен ЭЫДҰ кеңесі өтуде

Францияда Қазақстанның қатысуымен ЭЫДҰ кеңесі өтуде

Халықаралық шара барысында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) «Ауылшаруашылық саясатының мониторингі және бағалау» жөніндегі жыл сайынғы есебі талқыланады, бұған сондай-ақ Қазақстан бойынша блок енгізілген. ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева кеңеске қатысушыларды республиканың ауыл шаруашылығындағы болып жатқан процестермен таныстырды, осы ретте ол саладағы – өнімді өндіруден бастап экспортты қамтамасыз етуге дейінгі қызметтің кеңейтілген бағытын қамтып өтті. ЭЫДҰ ұсыныстарының көп бөлігі агробизнестің қаржыландыруға қолжетімділігін жоғарылату мәселесін, осы процестегі мемлекет пен мемлекеттік агент-кәсіпорындардың рөлін қозғайтын болғандықтан Қазақстан тарапының өкілі «ҚазАгро» ұлттық холдингі мен оның компаниялары тобының ауылшаруашылығы саласын қолдау жөніндегі қызметі туралы айтты.

Оның айтуынша Холдинг қазіргі уақытта ауылдық бизнесті қаржыландыруға жеке сектордың қатысуын ұлғайтуда. Осы процесс шеңберінде оның үш еншілес компаниясы бәсекелес ортаға беріледі. «ҚазАгро» қарыз алушыларды тікелей қаржыландырудан ауылдық жерлердегі шағын қаржы ұйымдары, несие серіктестіктері, лизинг компаниялары мен банктер сияқты жеке қаржы институттарын қорландыруға көшеді. Г. Исаева атап өткендей, бұл ауылдағы шағын, орта және ірі бизнесті де қаржыландыруды қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді.

Бұдан басқа, «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы – «ҚазАгроКепіл» АҚ арқылы несиеге қолжетімділікті жоғарылату үшін Қазақстанда шағын қаржы ұйымдары мен несие серіктестіктерінде несие алатын шағын және кіші фермерлердің қарыздарын кепілдендіру жүйесі енгізілді.

Холдингпен «Атамекен» Қазақстанның ұлттық палатасымен бірігіп ауылдық жерлердегі шағын несиелеуді дамыту, ауыл тұрғындарын кәсіпкерліктің негізіне оқытуды қоса алғандағы бағдарламасы әзірленуде. Несие серіктестіктерінің институциональдық даму тұжырымдамасы әзірленді. Несие серіктестіктері қауымдастығы құрылды.

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы вице-министрінің айтуы бойынша, «ҚазАгро» холдингінде корпоративтік басқаруды жақсарту мақсатында ЭЫДҰ талаптары ескерілген жаңа Корпоративтік басқару кодексі қабылданды.

Гүлмира Исаева ЭЫДҰ тығыз ынтымақтастықтың біріккен ұзақ мерзімді мақсаттарға жету үшін аса маңыздылығын атап өтті. Айтарлықтай деңгейде Ұйымның озық тәжірибесі мен саясаты ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік және экономикалық басқару саласындағы жақсарудың негізгі қозғалтқышы болып отыр.

 Анықтама:

 Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) —  байсалды демократия мен еркін нарық экономикасының принциптерін мойындайтын экономикасы дамыған елдердің халықаралық ұйымы. ЭЫДҰ шеңберінде оған мүше елдердің үкіметі экономикалық және әлеуметтік саясатты талқылауға, әзірлеуге және үйлестіруге мүмкіндігі бар форум болып табылады, олар сондай-ақ тәжірибе алмасады, жалпы проблемаларды шешудің тәсілдерін іздестіреді және келісілген ішкі және сыртқы саясатты қалыптастырады. Ұйым Еуропалық экономикалық ынтымақтастық ұйымы ретінде 1948 жылы құрылған.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өзінің құрылымына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқару арқылы, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдингтің құрамына «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ және «ҚазАгроМаркетинг» АҚ енеді.

«ҚазАгро» холдингі» АҚ Баспасөз қызметі  

 Ескерту: мәтін қысқартылды        

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0