Мемлекеттік қызметшілердің өз емханасы бар

Маңғыстау облысының үш мыңға тарта мемлекеттік қызметшілері бұдан былай медициналық қызметті өз емханаларынан тегін алатын болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының  өзара келісімі негізінде мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғау мәселесі жолға қойылды. Оларға орталықтандырылған медициналық қызмет көрсетілетін болды.

Облысымызға іссапармен келген Агенттік қызметкерлері Р.Тюлебаев, А.Қозбағаровтар мен «Арнайы мониторинг тобының» мүшелері З.Батталова, Н.Баймурзаев, Ы.Тұрсынзада Ақтау қаласындағы «Нейрон» емханасында болып, бұдан былай мемлекеттік қызметшілерге сапалы қызмет көрсетуге әзір тұрған заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген емхана жұмысымен танысты.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік жағынан қорғалуына ерекше көңіл бөліп келеді. Олардың баспанамен қамтамасыз етілуі,көпбалалы отбасыларға жазғы демалыс лагерьлеріне жолдама беру жайы болашақта кезең-кезеңімен шешімін таппақ.

Мемлекеттік қызметшілердің өнімді қызмет етуі үшін олардың денсаулығының маңызы зор. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің спорт кешендеріне ақысыз бару мәселесі қаралуда.

Бұл бастамалардың барлығы Елбасы Н.Назарбаевтың дамыған 30 елдің қатарына ену тапсырмасына және «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарына сәйкес «Кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру» шаралары аясында жүзеге асырылып жатыр.

 Маңғыстау облысы бойынша МҚІ және СЖҚД баспасөз қызметі

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0