2018 ж. маусым айының консультативтік болжамы

2018 ж. маусым айының консультативтік болжамы

Алдағы демалыс күндері, солтүстік теңіздерден келетін суық және ылғалды ауа ауа-райы жағдайын нашарлатады. Қазақстан аумағының көбінде нөсер жаңбыр, күн күркіреу, бұршақ, солтүстік-батыс желінің 15-20 дейін, екпіні 28 м/с дейін күшеюі және ауа температурасының төмендеуі күтілуде:

батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта түнде  2…10 жылы, кейбір аймақтарда 20 үсік, күндіз 10…20 дейін жылы;

шығыста  түнде 3…10 жылы, күндіз 12…20 жылы;

оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 7…15 дейін жылы, күндіз 17…25 дейін жылы болуы мүмкін.

Келесі аптаның ортасында Орталық Азия аудандарынан жылы оңтүстік-батыс ауа массасының жылжуымен кәдімгідей жазғы, ашық ыстық ауа-райы күтіледі. Қазақстанның солтүстік жартысында температура көтеріліп, 28 дейін, ал оңтүстікте 38 дейін ыстық болады. Соның артынан бірінші онкүндіктің соңында бұрынғыдан кем емес суықтың қарқынды толқыны күтіледі.

Күнілгері болжамға сәйкес екінші онкүндіктің басында және үшінші онкүндіктің аяғында салқындаудың екі кезекті толқыны күтілуде.

Қорытындысында маусым айының орташа ауа температурасы көпжылдық мәндерге жуық болады, тек республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығыс аймақтарынан басқа, онда ауа температурасы нормадан 1°С жоғары болады деп күтілуде.

Жауын-шашынның орташа айлық мөлшері республиканың көптеген облыстарында нормаға жуық және нормадан артық болады, тек Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында нормадан төмен болады деп болжануда.

Ескерту: Консультативтік болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетілетін болады.

kazhydromet.kz

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0