Дінмұхамед Қонаевтың дүниеден өткеніне ширек ғасыр

Дінмұхамед Қонаевтың дүниеден өткеніне ширек ғасыр

Бүгін – Дінмұхамед Меңдіахметұлы Қонаевтың дүниеден өткеніне ширек ғасыр толды. Өз елін, адамзатты соншалықты сүюмен қатар, саясатта да, экономикада да алғыр да əлеуетті саяси қайраткерлер тарихта тым аз. Сондай ірі тарихи тұлғалардың бірі – Дінмұхамед Қонаев.
Дінмұхамед атамыз өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы ел ішіндегі қиыншылықтарға байланысты былай деген: “Менің көзқарасым бойынша, бұл уақытша болған мəселе. Бұдан Қазақстан жылдам шығады. Оған мынадай себептер бар: бірінші, Қазақстан – өте бай ел. Өте мықты, күшті өндірісі бар. Өте мықты ауыл шаруашылығы бар. Одан басқа дайындалған өте мықты мамандары бар. Ғалымдары бар. Ал, осының бəрін уақытында дұрыс қолға алса…”
Осы жерден тоқтауға тура келеді. Себебі, өкінішке қарай, “уақытында дұрыс қолға” алынбады. Сондықтан да экономика да, əлеумет те әлсіз, əлсіздеу. Қазіргі Қазақстанның қандай деңгейде екендігін білдіретін экономикалық, əлеуметтік маңызы бар кей өлшемдер бойынша, еліміз бірнеше жыл бұрынғыдан төмен. Сонымен қатар, Д. Қонаев тоқсаныншы жылдары-ақ саясаттың қисайып бара жатқанын ескерткен…

 Құрманғали Нұрғали, журналист

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0