Венесуэла – 1 кг ет бағасы 10 миллион боливарға жеткен ел…

24-тамыз. Turaninform. Құрманғали Нұрғали. Венесуэла қалың дағдарыстан әлі шыға алмай отыр. Тіпті ушығып барады. Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) бағалауынша, биыл инфляция миллион пайызға жетуі мүмкін. Венесуэладағы бұл экономикалық ахуал 1923-жылғы Германиядағы дағдарыс сияқты делінеді. ХВҚ болжауынша, биыл ЖІӨ-і 18 %-ға дейін төмен түсуі мүмкін.

Ауыр экономикалық дағдарысқа қарсы күрес ретінде осы аптада ұлттық валютасы – боливарды деноминациялады. Себебі, экономикалық жағдай уақыт өткен сайын ушығып, боливар тым құлдыраған болатын. Мәселен, 1 кг еттің бағасы 10 миллион боливарға дейін жеткен! Бірақ, деноминация негізгі шешуші жол емес екені белгілі.

Еліндегі әлеуметтік-­экономикалық жағдайдың өте төмендеуі – венесуэлалықтардың көрші мемлекеттерге үдере көшуіне әкелді. Биылғы жарты жылдың өзінде, бір ғана Эквадорға 500 мыңдай тұрғыны көшкен! Колумбия, Чили, Перу де венесуэлалықтар көздеген елдер.

Венесуэла мұнай қоры бойынша әлемдегі ең бай ел. Бай мемлекет саяси жүйенің дұрыс болмауы салдарынан, экономикалық саясаттың қателігінен осындай өте ауыр дағдарысқа ұшырауда.

 Скрин-фото dw.com-нан алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0