Бараев орталығы мен «Атамекен-Агро» компаниясы «Дала күнін» өткізді

Бараев орталығы мен «Атамекен-Агро» компаниясы «Дала күнін» өткізді

А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы мен «Атамекен-Агро» компаниясы бірлесе отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Корнеевка ауылындағы шаруашылықтаалғаш рет ғылыми-өндірістік тәжірибелер өткізді.

22 тамызда өткен «Дала күні» шарасында орталықтың қызметкерлері мен жергілікті диқандардың атқарған жұмысының нәтижесі көрсетілді.

Бараев орталығының ғалымдары мен жергілікті диқандаросыған дейін шағын аумақтарда ғана тәжірибе жүргізген еді. Бұл жолы 500 гектар жергежаздық бидайтүрі егіліп, бүгіндемол өнім күтіліп отыр.Ең жақсы көрсеткіштерді 20-30 мамыр аралығында егілген орташа тұқымдар көрсетті. Жергілікті диқандардың алға қойған мақсаты мен міндеттері ауқымды. Бүгінгі күнге дейін олар гектарына 25 центнерден өнім алса, Бараев орталығының берген ұсыныстарын орындау арқылы гектарынан 40 центнер өнім алуға мүмкіндіктері бар.

«Дала күнінің» барысында шаруаларға кәдімгі қара топырақтар аймағында жоғары сапалы астық сапасын қамтамасыз ететін жаздық бидайды себудің оңтайлы мезгілін анықтау, жаздық бидайды өсіру кезінде азот пен фосфордың тиімді мөлшерін есептеп шығару, «А.И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС селекциясы мен басқа да ғылыми мекемелер шығарған жаздық бидайдың болашағы бар аудандастырылған сорттарын іріктеп алып, олардың бейімделгіштік қасиеті мен экологиялық тұрақтылығына баға беру, өңделген егістік жерлерге агрохимиялық зерттеулер жүргізу шаралары көрсетілді.

Сонымен қатар шаруалар егістік алқабына азотты тыңайтқыштар сеуіп, бидайдың өнімділігін арттырудың тиімді тәсілін тапты. Басты мақсат – өсімдік шаруашылығын әртараптандырып, сапалы тұқым шығару.

Бұл тәжірибеҚазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген 5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін кем дегенде 2,5 есе арттыру туралы тапсырмасын орындауға бағытталған дейді ғалымдар.

А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы Қазақстан Республикасындағы егін және өсімдік шаруашылығы саласындағы ірі ғылыми орталық. Ол Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты болып 1956 жылы құрылған. Кейін А.И. Бараев атындағы Бүкілодақтық астық шаруашылығы ҒЗИ болып өзгерді.

Мақсаты: Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру, жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті сорттарды әзірлеу, ресурс үнемдейтін технологияларды жасап шығару және енгізу, ғылыми-білім беру қызметтерін ұсыну арқылы Солтүстік және Орталық Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені экономикасының жеделдетілген ғылыми-технологиялық дамуын қамтамасыз ету.

 www.baraev.kz

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0