Бауыржан Иманғалиев – Қазақстан Педагогикалық Академиясының корреспондент-мүшесі

Бауыржан Иманғалиев – Қазақстан Педагогикалық Академиясының корреспондент-мүшесі

 Ұстаздықты ата кәсіп еткен Иманғали әулетінде тағы қуаныш. 20 жылға жуық қол үзбей, еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеп келе жатқан Бауыржан Иманғалиев жаңа белеске жетті. Енді белгілі педагог-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Бауыржан аға Қазақстан Педагогикалық Академиясының корреспондент-мүшесі боп сайланды!

 Бұл ғылыми атақ Академияның жалпы жиналысында көпшілік дауысқа салу арқылы беріліп отыр.  Иманғалиев Бауыржанға мүшелік диплом мен куәлікті салтанатты жағдайда Академия Президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Асқарбек Құсайынов табыс етті. Академияның корреспондент-мүшесі атағы ғылым кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесі бар білім, ғылым мен мәдениет саласының көрнекті өкілдеріне беріледі.

 Олай болса, ортада озат болған ағамызды біз де құттықтап, абыройыңыз арта берсін дейміз.

 Құрманғали Нұрғали 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0