Берік Ахметов: «Қоғамға қызмет» пәнін енгізу арқылы жастарға рухани серпін беруімізге болады

Берік Ахметов: «Қоғамға қызмет» пәнін енгізу арқылы жастарға рухани серпін беруімізге болады

Қазіргі таңдағы қоғамда жастардың белгілі бір бөлігінің ұлттық сана-сезімі мен ділінің, азаматтығы мен патриотизм деңгейінің құлдырауы байқалуда. Рухани құндылықтардың орнына материалдық құндылықтар келіп, басымдық танытуда. Іс жүзінде осының барлығы жастардың маңызды азаматтық міндеттерді еш жауапкершіліксіз, немқұрайлы атқарып, әлеуметтік жетесіздік пен рухсыздыққа бой алдыруынан айқын аңғарылады. Жастар арасында сан алуан діни көзқарастардың белең алуы; кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында қылмыстың өсуі; маскүнемдік, шылым шегу, нашақорлық; өзіне қол жұмсау жағдайларының көбеюі өзекті мәселе болып тұр.
Егер статистика мәліметтеріне жүгінсек, 2018-2019 жылы Маңғыстау облысында 85 балаға қарсы қылмыстық іс-әрекет тіркелді, оның ішінде 29-ы жыныстық зорлық-зомбылық.  7 бала өз-өзіне қол жұмсаса, 47 бала өз еркімен үйінен кетіп қалды. Ресми деректер бойынша бүгінгі күні әлеуметтік қорғау органдарында 25771 мүгедек тіркелген. Оның ішінде 5188-мүгедек балалар, бұл барлық мүгедектердің 20%-ы, ДЦП ауруымен ауыратын 290 бала, аутизмі бар 92 бала, Даун синдромы бар 65 бала. Ақтау қаласында 153 мүгедек бала, 95-БЦП ауруымен, 10 – аутист бала, 11 – Даун синдромымен өмір сүреді. Бүгінгі күні №2 арнайы қызмет көрсету орталығы (қарттар үйінде) 107 қарт пен мүгедек тұрады, қалада 549 жалғыз басты қарт, 114 жалғыз басты мүгедек  тұрады.  Балалар психоневрологиялық интернат үйінде 114 бала емделуде, оның ішінде 63 бала тұрақты түрде интернатта өмір сүреді, ал балалар ауылында 40 бала тәрбиеленуде.
Адамның мәдени тұлға ретіндегі табиғатын зерттеуші ғалымдар, адамның мәдениеттілігі мен адамның қасиетін түсіндіру үшін сол адамның өскен, өнген, білім алған, тәрбиеленген ортасында алған тәлім-тәрбиесі негіз болатындығын айтады. Сондықтан да, осы студент жастарды біздің Yessenov University құндылықтарымызға сәйкес, қоғамда ықыластылықты қалыптастыруға бағыттау мақсатында осы оқу жылынан бастап, әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, әлеуметтік жобаларды қамтитын «Қоғамға қызмет»  (service learning) пәні енгізілді.
Алғаш  рет Service Learning бағдарламасы АҚШ-та әзірленіп, сынақтан өткізілді және тәжірибелі оқытудың тығыз қалыптасқан практикасында бастау алады. Service learning – азаматтылыққа, академиялық пәндерге, дағдылар мен адами құндылықтарға  оқыту әдісі. Бұл жобаны енгізген АҚШ жоғары оқу орындарының бірі Стэнфорд университеті болды.  Содан кейін Аргентинада, Чилиде, Азия және Еуропаның кейбір елдерінде таралған. Бүгінгі күнге дейін Қазақстанда service learning жобасы тек екі ЖОО-да енгізілді: AlmaU Алмагуль Канагатова (Almagul Kanagatova) Gulmira Kurganbayeva және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Аскар Хикметов.
Жалпы пәннің мақсаты – осындай жобаларды іске асыру арқылы білім алушылардың сана сезіміне адамгершілік, қоғамға қажеттілік, қайырымдылық сияқты адами құндылықтарды ұялату,  студенттердің өмірге деген белсенді ұстанымын қалыптастыру. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке волонтерлікпен айналысатын ЖОО студенттерінің шәкіртақысын 30 пайызға арттыру тапсырмасы жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру деп білеміз. Мұндай жоба арқылы студенттер қоғамның әлеуметтік мәселелерін көріп, шешу жолдарын үйренеді әрі әлеуметтік мекемелерде іс-тәжірибеден өтеді. Яғни, аталған оқу курсы аясында білім алушылар қоғамға қызмет етуді оқиды және қарттар үйінде, мүгедектер үйінде, сондай-ақ, басқа да әлеуметтік ұйымдарда жұмыс істеу арқылы алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануды үйренеді.
22 ақпан күні осы жобаның алғашқы нәтижелерін қортындыладық. Жоба енгізілгеннен кейін алғашқы семестр қорытындысы бойынша жоба жақсы нәтижелерге жетіп, ҮЕҰ «Эко Мангистау» Кирилл Осин (Kirill Ossin), «Мейирим», «Арда» және т.б. әлеуметтік мекелемелермен  бірлескен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, қарт адамдарға, жетім балаларға, Аналар үйіндегі жас аналарға, мүгедек спортшыларға, аутизммен ауыратын, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған қайырымдылық акциялар өткізіліп 29 әлеуметтік жоба іске асырылды. Оған 583 студент қатысып, рухани тұрғыдан жаңғырғанын байқаймыз.
Барлық аймақтық жоғары оқу орындарға «Қоғамға қызмет» пәнін енгізу арқылы жастарға рухани серпін беруімізге болады және әріптестерімді Бауыржан Ердембеков Мухтар Толеген, бүкіл қоғамдық азаматтарды, Мурат Абенов, Маулен Ашимбаев осыған ат салысуға шақырамыз!

 Берік Ахметовтың парақшасынан алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0