8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай елордада 34 мыңға жуық көпбалалы аналар біржолғы әлеуметтік төлем алады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII жергілікті бюджеттен Астана қаласының Маслихатымен бекітілген Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына сәйкес, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Астана қаласының көп балалы отбасыларына, көп балалы аналарға, оның ішінде аз қамтылған аналар болып табылатын 34 мыңға жуық азаматшаға 2,5 АЕК (9230 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.
Төлем «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Әлеуметтік төлемдер орталығының тізімдері негізінде Астанада тіркелген және тұрақты тұратын көп балалы отбасыларға, көп балалы аналарға, оның ішінде аз қамтылған аналарға жүргізіледі.
ПІКІРЛЕР