Елге келу ережесін бұзған 9 334 шетел азаматы жауапкершілікке тартылды

Елге келу ережесін бұзған 9 334 шетел азаматы жауапкершілікке тартылды

Республика аумағында заңсыз көші-қон арналарын анықтау және жолын кесу мақсатында көші-қон, криминалдық және әкімшілік полиция қызметкерлерінің қатысуымен «Заңсыз келуші-көктем» жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші кезеңі өтті.

Үш күндік операция кезінде елге келу ережесін бұзған 9 334 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

951 шетел азаматы елімізден шығарылды. Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне  көші-қон заңнамасын бұзған 17 факті тіркелді.  Іздеуде жүрген 30 қылмыскер, оның ішінде 7-і ТМД азаматы ұсталды.

Шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережесін бұзғаны үшін 338 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жеке тұлғасын куәландыратын құжаты жоқ 998 шетел азаматы қабылдау-тарату орындарына орналастырылды.

Еліміз бойынша 3753 шетел азаматына көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін уақытша болу мерзімі қысқартылды.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Баспасөз қызметі

 Түпнұсқадағы тақырыбы: «Заңсыз келуші – көктем» ЖПІШ өткізу туралы

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0