Қ. Тоқаев жолдауынан үзінділер…

Қ. Тоқаев жолдауынан үзінділер…

2-қыркүйек. Turaninform. Құрманғали Қалмахан. ҚР президенті Қ. Тоқаев бүгін алғашқы жолдауын Парламент палаталарының біріккен отырысында халыққа жария етті. “Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын” деген президент Жолдауда не айтты, саясат пен экономикаға қатысты не қозғалды? Шағын үзінділермен жалғастыруды жөн көрдік.

 Саясат

  • Мен саяси трансформацияны іске асыруға уәде берген болатынмын. Біз оны мемлекет пен халықтың мүддесіне қарай біртіндеп атқарамыз. Әлемдік тәжірибеге сәйкес, бірден әрі жүйесіз жасалған саяси либерализация ішкі саяси жағдайдың тұрақсыздануына әкеліп соқтырады. Тіпті, мемлекеттілікті жоғалтып алу қаупі бар.
  • Конституцияға сәйкес, біздің азаматтарымыз өз пікірін ашық білдіре алады. Егер бейбіт акциялар заңды және халықтың тыныштығын бұзуды көздемесе, онда заң бойынша рұқсат беріп, жағдай жасауымыз қажет. Ол үшін арнайы орындар беру керек. Бірақ қаланың шетінен емес.
  • Біздің фундаменталды ұстанымымыз бір, табысты экономикалық реформаларды еліміздің саяси-қоғамдық өмірін жаңғыртусыз іске асыру мүмкін емес.
  •   Белсенді азаматтық қоғам құру үшін үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру қажет деп санаймын. Сондықтан жақын арада азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеп, қабылдауымыз керек.
  • Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін.

  Экономика: микро және шағын бизнес

  • Үкіметке микро және шағын бизнесті үш жылға табыс салығынан босату туралы заң жобасын әзірлеуді тапсырамын.
  • Келесі жылы қаңтар айынан бастап микро және шағын бизнесті тексеруге үш жылға тыйым салу туралы шешімім де күшіне енеді.                                                                                                                                                  Әлеуметтік саясат
  • Бүгінде жұмыс істеп жүрген адам зейнетақы жинақтарын пайдалана алмайды. Оны тек зейнетке шыққан кезде ғана алуға рұқсат бар. Бірақ ол ақшаның зейнетке дейін пайдаланамын дейтін адамды да түсінуге болады. Сондықтан үкіметке жылдың соңына дейін жұмыс істейтін адамдардың зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырамын.
  • Мектепке дейінгі жастан бастап оқушы болғанға дейін көмек беріп отыру қажет. Тегін тамақ, оқу құралы және формамен қамтамасыз ету, медициналық көмек, соның ішінде стоматологиялық қызметті төлеу, қоғамдық көлікке кеткен шығындарды өтеу сияқты шаралар бар. Осының барлығы 2020 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енуі тиіс
  • Үкімет атаулы әлеуметтік көмек беру жүйесін түзетуі тиіс. Ондай көмек ашық, әділ және жұмыс істеуге мотивация жасауы қажет. Осы көмек көбінесе жұмыс істейтін адамдарға берілуі шарт. Үкімет пен Атамекен шұғыл бір айдың ішінде көпбалалы аналарды микро және шағын бизнеске тартудың арнайы бағдарламасын әзірлеуі тиіс. Үйде жұмыс істеуге де жағдай жасауымыз қажет.
  • Мемлекеттік қызмет, ұлттық компаниялар
  • 2020 жылдан бастап біз мемлекеттік қызметкерлер санын біртіндеп қысқартуға кірісеміз.
  • 2024 жылға қарай мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялар қызметкерлерінің санын 25 процентке, яғни төрттен бірге азайту керек.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0