А. Күрішбаев, ҚазАТУ ректоры: Мұнша байлық оларға қалай келді?

А. Күрішбаев, ҚазАТУ ректоры: Мұнша байлық оларға қалай келді?

 Қазақстанның ішкі-сыртқы және өндірістік қазба байлығының 55 пайызы тек 162 адамға ғана тиесілі екен.  Орта есеппен әлгі әлемдік деңгейдегі олигархтардың жылдық табысы 50 миллион доллардан асып түседі.
Мұнша байлық оларға қалай келді?
Әрине, елдің, халықтың арқасында.

Үлкен қаржыны игеріп шексіз табыс тауып отырған сол отандастарымыз қазіргідей қиын-қыстау заманда не істеп жатыр. Дұрыс, бас кезінде біраз бизнесмендеріміз арнайы қор ашып, елге көмектесті. Ал қазір ше?  Жағдайдың күрделі болып бара жатқанын көздері көріп отыр. Бүгінгі күннің өзінде дәрілік препараттар жетпей қанша адам өмірімен қош айтысты…

Президентіміз халық үшін барынша тиісті шаралар қолдануда. Ал шынтуайтына келгенде  ел Үкіметі тәжірибесінің аздығы мен төтенше жағдайға дайын емес екендігін көрсетті. Бұл жағдайға соғыс деп қарау керек. Ал сол соғысқа біздің төтенше жағдайлар жөніндегі құзырлы орындар мен Үкімет осалдық танытып отырғаны шындық.

   Мен түсінбейтін мына мәселе. Егер біз кейбір көршілеріміз тәрізді кедей мемлекет болсақ жағдай түсінікті. Ол елдерде біздегідей форбсқа кіретін байлар, олигархтар  көп емес. Ал біздің мемлекетте тұратын халықтың арқасында қоржындары  толып жүрген әлгі қалталы азаматтарымыз дәрілік заттарды былай қойғанда басқа елден
мамандарды шақырып әрқайсысы бір-бір аурухана салуға мүмкіндігі жетеді ғой. Болмағанда сол жандар неге тағыда арнайы қор ашпасқа? Сөйтіп барлығы ашық болуы үшін ел алдында кім қанша көмектескені туралы ақпаратты неге жазбаймыз?
Халық білсін, ел көрсін. Азаматтардың елі үшін не істей алатындығын білейік.

Халықтың жағдайының төмендеп кеткендігін мен өзіміздің университет қызметкерлеріне қарап ақ бағамдап отырмын. Ұстаздарды айтпағанда қарапайым  жұмысшылардың жағдайын тіпті мүшкіл деуге болады. Онсыз да төмен жалақы мынандай қымбатшылық уақытта олардың тұрмысы тіптен төмендеп кетті. Қызметкерлерімізді шама келгенше қолдап жатырмыз. Бірақ университеттің де жағдайы шектеулі.

Дәрі жоқ дейміз. Бірақ дәрілер болса да, оны сатып алатын қаражаты жоқ отандастарымыз өте көп. Оларға қай жағынан қолдау керектігін зерттеп тиісті жағдай жасалуы керек.
Сондықтан да бүгінгі алмағайып заманда ел Үкіметінің мүмкіндігі келмей жатқан кейбір тұстарына әлгі қалталы азаматтарымыз қол ұшын берсе жағдай дәл бүгінгідей болмас еді.

 Ескерту: 1. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаевтың фейсбук-парақшасындағы жазбасы сол қалпында алынды. 

 2. Тақырып қойылды.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0