«Қазақтелеком» ауылдарға интернет жеткізу үшін цифрлық серіктестер іздейді

«Қазақтелеком» ауылдарға интернет жеткізу үшін  цифрлық серіктестер іздейді

«Қазақтелеком» кез-келген жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға қатысуына мүмкіндік жасалған «Ауылдағы цифрлық серіктес» жобасын жариялады. Бұл жаңа жоба екі ірі мәселені шешуге түрткі болады: бірі ауылдағы әрбір тұрғын үйге жүйрік, сапалы интернеттің кіруіне жағдай жасалса, екіншісі ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға ұйытқы болмақ. «Қазақтелекомның» ауылдағы цифрлық серіктесі болу үшін кәсіпкерлерге арналған ISMET.KZ платформасында тіркеліп, өтінім тастау қажет.

Ауылдағы цифрлық теңсіздікті жою үшін «Қазақтелеком» компаниясы 2018-2020 жылдар аралығында мемлекеттік-жеке әріптестік жобасы аясында 14 514 шақырымға талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізіп, ауылдық елді-мекендерге кең жолақты интернет кіргізіп, 2,5 мыңнан астам мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдарды жоғары жылдамдықты интернетке қосқан болатын. Бұл байланыс нүктелері жаңа жобаларды жүзеге асыруға база болып табылады, осы базаның негізінде елді мекендердің барлық тұрғындары жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізетін болады.

Атап айтқанда, осы ТОБЖ кірген нүктелерді негізге алып елдің ұялы байланыс операторлары өздерінің базалық станцияларын орналастыруда, олардың көмегімен интернет әр үйге радио сигнал арқылы жетеді. Алайда, бұл жоба барлық елді мекендерді бірдей қамти алмайды. Сондықтан «Қазақтелеком» әрбір облыс, аудан, ауылдан өзінің «цифрлық серіктестерін» іздей бастады. Осы пилотты жоба негізінде цифрлы серіктестер байланыс арнасын құрып, талшықты-оптикалық байланыс желісі және Wi-Fi-радио көпірі, бір нүктеден көп нүктеге, және тағы да басқа технологиялар арқылы желілердің құрылысын жүргізіп қана қоймай, қызмет көрсету арқылы табыс тауып, ауылдағы байланысқа қатысты өзекті мәселені шешуге түрткі болады.

«Қазақтелеком» АҚ Корпоративті бизнес дивизионының бас директоры Алмат Қарамановтың айтуынша, жобаның іргелі негізі – бұл еліміздің ірі телеком операторының жеке бизнеспен әріптестігі, әрине ең алдымен жеке кәсіпкерлер мен кішігірім заңды тұлғалар үшін «Қазақтелеком» өзі тартқан талшықты-оптикалық байланыс желілері негізінде қашанда сұранысқа ие интернет тарту бизнесін қалыптастыруға мүмкіндік беріп отыр.

«Яғни, біздің серіктесіміз ауылға қажетті құрылғыларды орнатып, оларды қолданыстағы ТОБЖ желісіне қосып, әр абонентке интернет бере отырып, жергілікті желіні тартуы керек болады. Айта кету керек, кәсіпкер құрылғыны орнатады және желіні өз есебінен жүргізеді, бұл шығындар абоненттерден ай сайынғы төлемдер арқылы өтеледі. Осылайша, кәсіпкер қысқа уақыт ішінде жергілікті желі құрылысына салынған инвестицияларды қайтарып қана қоймай, болашақта кепілдендірілген ақша табуға мүмкіндік беретін пайдалы бизнестің иесіне айналады, өйткені адамдарға әрдайым интернет керек», – дейді Алмат Қараманов.

Жоба менеджерлерінің пікірінше, «Қазақтелекомның» осындай цифрлық серіктестері абоненттік базаны қосып, одан ай сайынғы төлемнің 50% -ын алады. Сонымен бірге серіктес желілерді тартуға және қазіргі кезде ауылдық жерлерде негізгі жұмыс берушілер болып табылатын заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға интернет жүргізуге құқылы, демек, «цифрлық серіктес» ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға көмектеседі.

Қазіргі уақытта жоба пилоттық режимде Түркістан облысының 176 ауылдық елді мекенінде сынақтан өтеді.

«Жобаға қатысу үшін арнайы веб-сайтта ұсынылған барлық құжаттармен танысып, кәсіпкерлерге арналған ISMET.KZ платформасында өтінім беру қажет. «Қазақтелеком» мамандары жарты сағат ішінде кәсіпкермен байланысып, барлық қосымша ақпаратты береді. Осыдан кейін әлеуетті серіктес «Қазақтелекоммен» келісімшарт жасай алады. Әрі қарай, компания кәсіпкерге таңдалған ауылда желі құруға арналған техникалық шарттарды ұсынады. Серіктес алынған техникалық шарттарға сәйкес желіні жасайды және абоненттерді байланыстырады, барлық қосылған клиенттер үшін белгіленген абоненттік төлемнің 50% мөлшерінде ай сайынғы төлемдерін ала отырып, желіні құруға кеткен шығындарын жабады және табыс табады», – деп түсіндірді Алмат Қараманов.

Жоба авторларының айтуынша, «Ауылдағы цифрлық серіктес» жобасы бір «оқпен екі қоянды атып алуға» мүмкіндік береді. Бұл жобаның арқасында ең алдымен ауыл мен қала арасындағы цифрлық теңсіздікті жоюға, ауыл халқын тез арада интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ауылда кәсіпкерлікті дамытуға тың серпін бермек. Бұл әсіресе, нарықта көптеп кездесетін шағын сервистік компаниялар үшін тиімді ұсыныс. Интернет провайдер бағытындағы бизнесте өзіндік орнын алу үшін кәсіпкерге ISMET.KZ https://www.ismet.kz/ru/dealer/partner-selo сілтемесі бойынша тіркелу қажет.

«Қазақтелеком» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0