Мұғалім: әлеуметтік жағдай және қоғамдық жауапкершілік

Мұғалім: әлеуметтік жағдай және қоғамдық жауапкершілік

Қазіргі таңда мектеп пен колледж мұғалімдерін, ЖОО оқытушыларын қолдау айқын артты. Жалақылары жыл сайын 25% өсуде. ЖОО оқытушыларыныкы да көтерілуде. Осы өсіммен кете берсе, ТМД бойынша 1-орынға шығады. Бүгінде жақын тұр. Сонымен қатар, білім саласындағы айлық, еліміздегі орташа жалақы деңгейінен асты. Әйтпесе, бұл саладағы еңбекақы республикалық орташа жалақыдан төмен болатын. Бұл да осы салаға деген көңіл тәуір-ақ бөлініп жатқанын білдіреді. Мұның сыртында, деңгейлік үстеме және бар. Мәселен, педагог-шебер деңгейіне жетсе, жалақысына 100% үстеме қосылады. Бұл​ әжептәуір қолдау. Бас-көзсіз қоғамдық жұмысты арта салуға да тыйым салынды.​ Әрине, білім саласындағы қордаланған мәселе шешіліп кетті демеймін. Керісінше, солар тиісінше шешілуі үшін мұғалімдердің өздері де кәсіби де өткір болуы тиіс дегенге саяды. Қозғамақ бір ой.
Сондай-ақ мұғалімдер ендігі елде болып жатқан оқиғаларға өз үнін қосатындай ықпалды күшке айналуы қажет. Тәуелсіз елдің іргесін қалай берік ете түсеміз, мәртебесін қайтсе биіктетуге болады деген секілді іргелі ойлар мен істерде олардың саны артса, несі жаман?.. Мысалы, Ресейдің депутаттары былтыр Қазақстанның территориясына қатысты ауыр сөздер айтты. Мемлекеттік тілге қатысты алдыңғы айда ішкі іске араласты.  Сондай секілді оқиғаларда, басшысынан ықпай, үн қосатын мұғалімдер көбейсе, бұл жаман болмасы анық. Сонымен қатар, білім саласына қатысты мынадай​ реформалар керек деп, ҚР Білім және ғылым министрлігін былай қойып, үкіметке жеткізетіндей, іске асыртатындай деңгейге көтерілуі тиіс.
Директорынан ығып тұратын ынжық мұғалімдер, ректорының ретсіз ісі болса, қарсы айта алмайтын оқытушылар саны азайып, кәсіби де азаматтық көзқарасы биік, адами болмысына адал да батыл мамандар артса, бұл да қоғам дамуына қосылған үлес…

Мерекелеріңізбен!                                                                                                                                                                     Құрманғали Нұрғали, экономика магистрі

   Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0