Қ. Тоқаев: Заң бәріне ортақ, оған биліктегі азаматтар да, қоғам белсенділері де бірдей бағынуға тиіс

Қ. Тоқаев: Заң бәріне ортақ, оған биліктегі азаматтар да, қоғам белсенділері де бірдей бағынуға тиіс

16-наурыз. Turaninform. Бүгін ҚР президенті Қ. Тоқаев ел халқына Жолдауын жариялады. Саяси және экономикалық салаларға өзгерістер әкелуге үндеді. Дегенмен ол: Реформа жасап жатырмыз деген атақ үшін ғана реформа жасаудың ешкімге қажеті жоқ. Мен мұны бірнеше рет айттым. Біз бұл өзгерістерді жұртқа жақсы көріну үшін жасамаймыз. Құлаққа жағымды, бірақ орындалуы екіталай, күмәнді көрсеткіштерге алданбаймыз. Қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті. Халыққа көпірме сөз, бос уәде емес, көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын оң өзгерістер керек, – деді.

 Жолдаудағы елге әкелетін өзгерістердің кейбірі мынадай:

■ БАҚ-тың бәсекеге қабілетті, әрі еркін болуы керектігі айтылды.
■ Мәжіліс депутаттығына мажоритарлық жүйе енгізіледі. 30%-ке дейін. Партиялық, бюрократиялық қасаң тізімнен құтылуға бастайтын жол. Қоғамның үнін Парламентте жеткізуге мүмкіндік.
Дегенмен бұл аздау деп ойлаймын. Кемі 50/50% абзалырақ.
Енді аудандық, қалалық мәслихат депутаттығына түсуде пропорционалды емес, мажоритарлық әдіспен түсуге болады. Бұл – сол өңірлердегі елім деген азаматтарға мүмкіндік. Құқықтарыңызды қоғам, ел дамуына пайдаланыңыздар.
■ Партия құру бұрынғыдай 20 мың емес, 5 000 адамға дейін қысқартылады.
■ Президент өкілетін атқару кезеңінде партия қатарынан шығуы ұсынылды.

■ Президенттің жақын туыстары үлкен мемлекеттік қызметтер мен квазимемлекеттік секторларға орналасуына жол берілмейді.

■ Бұрын болған Конституциялық сот қайтадан құрылады.

■ Парламенттің өкілеттігін арттыру көзделді.
■ Ұлттық құрылтай құрылады. Мұның құрамына Парламенттің кей депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, қайраткерлер т.б. енеді.

■ Абай, Жетісу және Ұлытау облыстары құрылып, орталықтары, тиісінше, Семей, Талдықорған және Жезқазған болады. Алматы облысының орталығы Қапшағай қаласына ауыспақ. Енді бұл қала таяуда-ақ Қонаев аталуы мүмкін.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0