Қоғамдық көлік жүргізушілерінің де айтар уәжі бар…

Қоғамдық көлік жүргізушілерінің де айтар уәжі бар…

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры бұған дейін де ел ішіндегі әлеуметтік-тұрмыстық сұрақтар, еңбек-өндірістік мәселелерді көтерген болатын. Осы бағыттағы шаралар өңірлерде жалғасын тауып жатыр, деп хабарлайды Turaninform.kz ақпарат агенттігі қор белсендісі Бақыт Смағұлдың жазбасына сілтеме жасай отырып.

Қоғамдық Қор белсенділері Бақыт Смағұл, Абзал Алпысбайұлы және Владислав Шуль «Көкшетау автобус паркі» ЖШС-і ұжымымен кездесті. Отырыс барысында қоғамдық көлік қызметкерлері саладағы шешімі табылмаған бірқатар түйткілді мәселелерді ортаға салды.

Кездесу өзара диалог түрінде өтті. Кәсіпорын жұмысшылары жолаушылар тасымалы саласындағы жылдар бойы сақталып келе жатқан күрмеуі шешілмеген сұрақтарға тоқталды. Сондай-ақ, оны шешу жолдары туралы өз ұсыныстарын білдірді. Қоғамдық белсенділердің айтуынша, кәсіпорын қызметкерлері үшін мына сұрақтар дәл қазір күн тәртібінде тұр:

«Қалалық бағыт автобусының жүргізушісі» жұмысшы мамандығының тартымдылығын арттыру мақсатында қалалық маршруттарда 25 жыл жұмыс істеген соң мерзімінен бұрын зейнетке шығу құқығын қайтару қажет. Олай дейтініміз, жүрек-қан тамырлары, неврологиялық аурулар көбеймесе, азаймай тұр. Тағы бір күрделі сұрақтардың бірі – жол қозғалысы ережесіне: автобус аялдамасынан шығу үшін бұрылу шамын жаққан кезде сол бағытта келе жатқан көлік автобусқа жол беруге міндетті делінген тармақ қайтарылуы тиіс. Бұрын солай болған. Бүгінде көлік ағыны тым ұлғайып кеткен. Ал егер, аялдамадан шыққан автобус жүргізушісіне жүргізушілердің бірі жол берсе, ол жол апатын туғызу қаупін тудырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сондықтан да, басқа жүргізушілер осы жағынан қауіптенеді. Кәсіпорындағы тағы бір күрделі сұрақтардың бірі – автомектептерге қатысты. Автомектептерден материалдық-техникалық базалар мен автодромның болуын талап ететін лицензиялануы алынып тасталды. 2007 жылдың 21 мамырындағы №402 қаулымен оқыту ұйымдарына жалға алу құқығы мен жайларды қолдануға рұқсат етілген. Қаулы мәтіні мен лицензиялаудың алынып тасталуын сәтті пайдаланғандар материалдық-техникалық базасы жоқ, автодромсыз орасан көлемдегі автомектептер ашып алды. Сөйтіп сапа санға ауысып кетті. Салдарынан курсанттарды оқыту бағдарламасының халі мүшкіл жағдайға жеткен.  Автодромдардың болмауына байланысты күрделі жол және қолайсыз ауа-райы жағдайларында жүргізу, автотұрақтардың алуан түрлері, гаражға кіру, көлікпен өрге қарай жүру сияқты жүргізушілік шеберлікке жататын элементтер оқытылмай қалды.

Бұл осы салада дәл қазір көзге көрініп тұрған мәселелер. Егер толық сараптамалық зерттеулер жасалса, біраз сұрақтардың беті ашылары анық.

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0