17-қараша. Turaninform. Бангладеш үкіметінің бұрынғы басшысы Ш. Хасин өлім жазасына кесілді. Арнайы трибунал шешімімен ол адамзатқа қарсы қылмыс жасады деп айыпталды. Өткен жылы оның билігіне наразы қалың жұрт көшеге шыққан еді. Сол уақытта ол күшпен басуға ұмтылды. Салдарынан шамамен 1400 адам қаза тапты.
Дегенмен сексенге таяған бенгалдың ендігі экс-басшысы Үндістанға қашып үлгірген-ді. Сондықтан жазаға да сырттай тартылды.
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР