Бензинді аяз ұшырса, Әсет әкім оны «қондыра» ала ма?..

Бензинді аяз ұшырса, Әсет әкім оны «қондыра» ала ма?..

21-қараша. Turaninform. Елордада, әдетте, «Халық маркасы» аталатын АИ-92 бензині тапшы. Себеп: сақылдаған сары аяз бензинге деген сұранысты арттырып жіберіпті. Мұндай мүмкіндікті қалт жібермеген кей жанармай бекеттері бағаны да өсірген: литріне 130-135 теңге арасында.

Тіпті шектеп сатқан жанармай бекеті де бар екен. «”ҚазМұнайГаз” анықтама бөліміндегілердің айтуынша, қазіргі уақытта АИ-92 маркалы бензин тек клуб картасы немесе талоны бар клиенттерге сатылып жатыр. “Клиентте карта немесе талон болса, ол еш қиындықсыз жанармайын құйып алады. Дәл қазір біз АИ-92 маркалы бензинін қолма-қол ақшамен сата алмаймыз. Кейбір жерлерде АИ-92 қолма-қол ақшаға сатылып жатыр. Бірақ онда тек 10 немесе 20 литр жанармай құюға болады”, – деді компанияның анықтама бөліміндегілер» (tengrinews.kz).

Дегенмен елорда әкімі Әсет Исекешев, аталған мәселеге қатысты фейсбук әлеуметтік желісінде: «Жағдай “Қазмұнайгаз” АҚ, Астана қаласының əкімдігі жəне Энергетика министрлігінің бақылауында» деп мәлім еткен.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0