Нобель сыйлығы Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантосқа табысталды

Нобель сыйлығы Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантосқа табысталды

11-желтоқсан. Turaninform. Осло қаласында (Норвегия астанасы) бейбітшілік саласы бойынша Нобель сыйлығы Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантосқа табысталды. Мұның алдында жеңіп алғаны жарияланған еді.

Не үшін берілді? Өз еліндегі «Колумбияның Төңкерісшіл қарулы күштері» (FARC) солшыл радикалды топ жетекшісі Тимолеон Хименеспен бейбіт келісімге келгені үшін. Колумбияда жарты ғасырдан аса уақытқа созылған азамат соғысында 200 мыңнан аса адам қаза болған!

Биыл беделді халықаралық сыйлыққа АҚШ президенті болып сайланған Дональд Трамп, Германия канцлері Ангела Меркель де үміткер болыпты. Үміткер ретінде кезінде диктаторлар – Б.Муссолини (Италия) де, И. Сталин (КСРО) де ұсынылған еді.

Нобель сыйлығының басқа лауреаттары Швеция астанасы – Стокгольмде салатанатты түрде марапатталмақ.

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0