Белгілі қайраткер Хасен Оралтайдың дискілік топтамасы шықты

Белгілі қайраткер Хасен Оралтайдың дискілік топтамасы шықты

Хасен Оралтай – көрнекті қоғам қайраткері, белгілі журналист-публицист әрі тарихшы. Оның жеке мұрағатындағы кітаптар, бірқатар құжаттар, Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жеткізілген мақалалары, бағдарламаларының жазбалары Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының қорына тапсырылды. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының мамандары мұрағаттық материалдар бойынша Хасен Оралтайдың сөйлеген сөздері негізінде мынадай бес диск шығарды:

  1. «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл»;
  2. «Манаш Қозыбаев қазақ мемлекеттілігі жайлы»;
  3. «Шығыс Түркістан азаттығы үшін күрес»;
  4. «Желтоқсан оқиғасына 5 жыл»;
  5. «Алаш зиялылары»

Қайраткердің жазбалары қазақ халқының тарихын, әдебиетін зерделеуге қосылған өлшеусіз үлес болып отыр.

Шетелдегі қайраткерлеріміздің бірі, біздің отандасымыз Хасен Оралтай қазақ халқының тарихына қатысты бірнеше кітаптар да жазды: «Қазақ түріктері» (Измир, 1961), «Ұлы түрікші Мағжан Жұмабайұлы (Измир, 1965), «Шығыс Түркістан тарихындағы басты мәселелер» (Стамбул, 1975) «Коммунизммен шайқас» (Измир, 1965), т.б.

1968 жылы Хасен Оралтай «Азат Еуропа»/«Азаттық» радиосының Қазақ бөліміне жұмысқа шақырылды. Сол кезде радионың бас кеңсесі Германияның Мюнхен қаласында болатын. Хасен Оралтай 1988-1995 жылдар аралығында «Азаттық» Радиосының қазақ бөліміне басшылық етті. 1995 жылы бас редакция Прагаға көшті, сол кезде ол зейнет демалысына шықты. Өмірінің соңғы күндеріне дейін Х.Оралтай қазақ эмиграциясы көшбасшыларының бірі ретінде белсенді қоғамдық қызметін жалғастырды.

Еліміздің Тәуелсіздігі жылдарында журналистің шығармашылық қызметі Қазақстан Үкіметінің назарынан тыс қалған емес. 2007­ жылы Хасен Оралтай Қазақстан Журналистика академиясының БАҚ саласындағы жалпыұлттық «Алтын Самұрық» мәртебелі сыйлығымен марапатталды.

ҚР ҰАК баспасөз қызметі, Зухра Баянова

 Фото azattyq.org-тен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0