Үкіметте азаматтық уақытша тіркеуге қатысты құқықтық норма сөз болды

Үкіметте азаматтық уақытша тіркеуге қатысты құқықтық норма сөз болды

10-қаңтар. Turaninform. Құрманғали Нұрғалиев. Соңғы күндері еліміздің қалың бөлігіне тікелей әсер еткен екі үлкен жаңалық болса, соның бірі – азаматтардың тіркелу нормаларына қатысты болды десек, артық емес, сірә. Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен құқықтық норманы іске асыру үкіметте сөз болды. «Премьер-Министр ҚР ІІМ-іне ҚР АКМ-мен бірлесіп жаңашылдықты түсіндіру бойынша ауқымды ақпараттық жұмыстар жүргізуді және тіркеу шарасын барынша жедел жүзеге асыруды тапсырды» делінген ҚР Үкіметінің www.primeminister.kz сайтында. Демек, өзгеріс сол қалпында қалатындай.

«Қазір қоғамда, бұқаралық ақпарат құралдарында азаматтардың уақытша тіркелуіне қатысты тақырып белсенді түрде талқылануда. Адамдардың сауалдары көп, ал ақпарат жеткіліксіз. ХҚКО-ларда кезек көбейген», – деді Б. Сағынтаев (www.primeminister.kz).

Тым асығыс қана емес, шикі тұстары бар делінген норманың әзірге қаншалықты жүзеге асатыны белгісіз. Байқалатыны, түрлі әлеуметтік, қоғамдық мәселелер қалың жұртқа жармасқанда, мұндай жаңалықтың шығуы – ашуды, наразылықты арттыра түспесе, азайтпайтындай. Түскен уақыты да жаймашуақ кез емес. Керісінше, мұндай кезде билік пен халықты жақындата, біріктіре түсетін жобалардың көбейе түскені тіптен маңызды еді…

 Фото primeminister.kz-тен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0