Беларусь президенті А. Лукашенко: «Мұндай ұйымның не керегі бар?»

Беларусь президенті А. Лукашенко: «Мұндай ұйымның не керегі бар?»

4-ақпан. Turaninform. Беларусь президенті А. Лукашенконың қашаннан бір айтары бар. Сондықтан да кей адамдар онысына құлақ үйренді деуі де мүмкін. Бірақ, соңғы уақыттардағы сөздерінің саяси салмағы ауыр екенін ескерген жөн.

Мысалы, ол Кеден кодексіне қол қоймауының себебін, ондағы көп тұстардың орындалмайтынын, егер, Беларусь елін сол одақтан көргісі келсе, бір­-біріне кедергі етпей, керісінше, демеп отыру керек деген секілді ойларын баса айтты. Бұл жерде ол сөздерін Ресейге бағыттап отырғаны айқын. Әрі ЕурАзЭО-­тағы негізгі мамандарын қайтару туралы нұсқау берген. «Олар сол жақта не істеп отыр? (…) Мұндай ұйымның не керегі бар?» деді.

«2015­-жылы ЕурАзЭО бойынша, тауар айналымында, меніңше, 40%-­ға төмендедік. Ал, өткен жылы оның үстіне тағы 18% қостық. Сонда ЕурАзЭО­-тағы құлдырау 60%. Осы жақсы ма?!» – дейді Беларусь президенті.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0