АҚШ-­тың Сирияға әуеден соққы беруінен соң Ресей…

АҚШ-­тың Сирияға әуеден соққы беруінен соң Ресей…

Сирия билігінің өз халқына қарсы химиялық қару қолдануы тағы бір үлкен қателік, тым қатігездік болды. Химиялық қару қолданудан 80 нен аса адам қаза болған. Бір бөлігі балалар. АҚШ президенті Дональд Трамп Сирия үкіметін айыптай отырып, шектен шыққанын мәлімдеді.

Сондықтан Сирия билігінің әрекетіне жауап ретінде АҚШ араласты. Кеше, Ресейге ескерте отырып, Сирияның Шайрат әуебазасын 50-ден аса зымыранмен атқылады. Ал, Ресей болса, жүзмыңдаған халқының қырылуына себепші болып отырған Башар Асад билігін жақтап әлек. Қорғаумен келеді.

Енді халықаралық саясатта тағы бір қым-­қиғаш геосаяси тартыс басталуы әбден мүмкін. Онсыз да жетісіп тұрмаған халықаралық саяси жағдайдың сұрқы тіптен қашуы ықтимал. Себебі, Сирияда АҚШ пен Ресейдің ашықтан­ ашық әскери қақтығысқа түсіп қалатындай сәт туып отыр. Мұны Ресей билігі хабарлап та үлгірді. Ресей тарапы кейін шегіне қоюы қиын. Не үшін? Біріншіден, Башар Асадтың билігі құласа, Ресей Сирияға ықпал етуінен айырылып қалады. Өз адамын билікке әкелу қазіргі жағдайда Ресейге оңай емес. Екіншіден,  Путин билігі Б.Асадпен оның құрған режимін қорғап қалмаса, Ресейдің жағдайы тіптен нашарлауы мүмкін. Өйткені, Ресейге арқа сүйеп келе жатқан, тоталитарлық, авторитарлық жүйемен елін басқарып отырғандар теріс айналса, қашықтаса қолдаушылары тіптен азаяды. Бұл Ресей билігі үшін үлкен ауыр соққы. Үшіншіден, Сирияға ықпал етуден айырылу – Ресейді террриториясы үлкен «қатардағы» елдерге қарай жақындатады. Сондықтан бұл жолы соңына дейін тартысатындай.

Әуеден соққы бергенде АҚШ пен Қытай басшыларының кездесуі, Д. Трамптың осы саясатына Еуроодақтың оң көзқарас танытуы, Түркияның көңілінен шығуы – ресейлік биліктің басын тіптен қатыра түспек.

Ал, адамзатқа керегі бейбітшілік, бақуатты да берекелі өмір. Кім кедергі етсе, бұзса – жазасын тартсын…

 Құрманғали Нұрғалиев, журналист

 Фото golos-ameriki.ru-дан алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0