Университет ректоры студенттерге дәріс оқыды

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша университетте атқарылатын іс-шаралар жоспары мен медиа-жоспар жобасы бекітілді. Медиа-жоспарға сәйкес Елбасы мақаласын насихаттау, түсіндіру мақсатында университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қ.А.Бисенов студенттерге «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана және жастар» тақырыбында арнайы дәріс оқыды. Саяси-экономикалық жаңғырумен бірге, рухани жаңғыруға бастайтын бағдарламалық мақаланың мәні мен маңызына кеңінен тоқталды. Ондағы бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы және сананың ашықтығы деп аталатын 6 бағытқа жеке-жеке тоқталып, әрқайсысының ел дамуы жолында ерекше мәнге ие екендігін баяндады. Сондай-ақ ұлттық сананы айқындап, қоғамдық сананы өзгертуге арналған Елбасының бағдарламалық мақаласына дүниетанымдық-идеологиялық мақала деп баға берілді.

Дәріс барысында ұлттық кодтың, ұлттық мәдениеттің тамыры тағылымды тарихпен астасып жатқандығына тоқталды. Сонымен бірге жастардың жаңа технологияларды игеру мен жаңа қуат көзін табу бағытында, ең бірінші, білімге арқа сүйеу қажеттігі айтылады. Студенттерді латын әліпбиі бойынша 11 жылдық тарихи тәжірибесі бар Қазақстанның жаңа әліпбиге көшуі, ұлттық деңгейде мақтан ететін қасиетті орындарды дәріптеу, «Туған жер» бағдарламасын қолға алу секілді мақаладағы мемлекеттік маңызға ие тапсырмалармен де таныстырып өтті .

Университет ректоры арнайы дәрістің қорытындысында Елбасының бағдарламалық мақаласының өз уақытында жазылған құнды мақала екенін айтып, соның негізінде университетте жүзеге асырылуы тиіс жоспарлар бекітілгенін  мәлімдеді. Студенттермен еркін пікір алмасып, ой бөлісті.

 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің баспасөз қызметі

 

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0