«ЕРКІН СӨЗ» шығармашылық байқауы: жеңімпаздары және келесі бәйге туралы…

«ЕРКІН СӨЗ» шығармашылық байқауы: жеңімпаздары және келесі бәйге туралы…

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ ұйымдастыруымен қазақ журналистері арасында алғаш рет өткен «ЕРКІН СӨЗ» шығармашылық байқауы қорытындыланды. Қор төрайымы Нәзия ханым Жоямергеннің айтуынша, байқауға материалдар күткендегіден көп түскен. Байқау шартына сәйкес, тақырыптар экономика және оның сан-­саласын қамтыды.

Сонымен қазақ журналистері арасында өткен «ЕРКІН СӨЗ» шығармашылық байқауының алғашқы жеңімпаздары:

  1. «Сайттағы үздік мақала» номинациясы бойынша «Turaninform» ақпараттық­-сараптамалық порталының бас редакторы – Құрманғали Нұрғалиев;
  2. ««Үздік телесюжет» номинациясы бойынша «Астана» телеарнасының тілшісі – Еркін Қарин;
  3. «Үздік мақала» номинациясы бойынша «Айқын» газетінің тілшісі – Абай Аймағанбет;
  4. «Үздік шығармашылық топ» номинациясы бойынша «Қазақстан» телеарнасының «Парасат майданы» бағдарламасы ұжымы.

Барша жеңімпаздардың жеңісі құтты болсын! Ал, «Үздік радиохабар», «Үздік фоторепортаж» номинацияларында ешкім жеңімпаз ретінде аталмады. Әділ қазылар алқасы сондай шешім шығарған. АЛЛА қаласа, қор төрайымының мәлімдеуінше, алдағы уақытта да «ЕРКІН СӨЗ» шығармашылық байқауы жалғаса бермек.

Бұл қазақтілді журналистердің арасында экономика, қаржы тақырыбына қалам тартып, сөз түйіп жүргендердің әлеуетін, қарымын, алымдылығын анықтап қана қоймай, жетпей жатқан тұстарын толтыруға да ой салатындай шығармашылық бәйге болды. «ЕРКІН СӨЗ» шығармашылық байқауына «Қазақстан Халық Банкі», «QAZKOM» демеушілік жасаған.

Ал, құрылғанына үш жыл болған «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ, осы уақыттың ішінде «ЕРКІН СӨЗ» шығармашылық байқауымен қатар, бірнеше рет облыстарда тегін семинар-­тренингтер ұйымдастырып келеді. Әжептәуір жеңілдікпен шетелге қазақтілді журналистердің іссапарларын ұйымдастырғаны тағы бар.

 Құрманғали Нұрғали, журналист

 

 

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0