Дінмұхамед Қонаевты «Республика» сарайын салдыртқаны үшін Кремль сынаған…

Дінмұхамед Меңдіахметұлы Қонаев «Республика» сарайын салдыртқаны үшін КСРО билігінің басшылығы – Кремльдің сынына ұшыраған екен. Ескерту алған. КСРО мемлекетінің Бас жоспарына кіргізбей жасағаны үшін… Ал, «Республика» сарайындай ғимаратты салу үшін сол кезгі орталық – Кремльдің рұқсаты керек болған! Сондағы Бас жоспарға еніп, тиын­-тебеніне дейін есепте тұруы тиіс. Тағы бір себебі, іргетасына гранит қолданылатын ғимараттың салынуына Алматы қаласына рұқсат берілмеген делінеді! Тек Мәскеу, сол кезгі Ленинград, қазіргі Санкт­-Петербург, Киев, Тбилиси қалаларында ғана солай жасауға рұқсат беріпті!

Дінмұхамед Меңдіахметұлы қайткен? Бұл туралы белгілі әнші Нұрғали Нүсіпжанов былай дейді: «Сондықтан әрбір министрліктің (Қазақстанның – Қ.Н.) игере алмай, әртүрлі кемшіліктерінен қалған қаржыларды жинастырып, кәсіподаққа жинап отырып, бір-­екі жылда соның ақшасына осыны («Республика» сарайы – Қ.Н.) салып берген. Ал, рұқсатпен мұндай ғимаратты Қазақстанға қия ма (Кремль қия ма, соны меңзеп отыр – Қ.Н.)?.. Мәселе сонда жатыр.

Демек, Кремль мұндай ғимаратты салуға қаржыдан да, техникадан да қысқан. Мұны саяси отарлық қысымның аясында жасады. Сондай Қазақ елінің қолы қысқа кезеңінде ебін тауып, орасан да жарқын жұмыс жасаған Дінмұхамед Меңдіахметұлы – ұлтының, халқының ыстық ықыласында келеді…

Тәуелсіздік алдық. Қазақ елінің қолы ұзарып, саяси-­экономикалық жағдайы тұрақты жақсарып, келешегі кеңеюі керек еді. Бірақ, әлеуетті еліміз әлі де әлді емес… Азат күннің парқын білмей, тіпті Тәуелсіздік туралы ойлана да алмайтын, елін тонап, халқына сырт қарайтын шешуші шенеуніктер тұрғанда, тұрақты да серпіле дамуы екіталай.

Дегенмен, АЛЛА қаласа, Дінмұхамедтей ұлын сағынатын, ұмытпайтын ұлты тұрғанда, Қазақ елінің болашағы жақсы болады деп сенейік…

 Құрманғали Қалмахан, экономика магистрі

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0