“Шын жүректен” 150 мың тг…

“Шын жүректен” 150 мың тг…

16-ақпан. Turaninform. Кеше “Қазақ радиосы” тілшісі Айкен Базарбайдың ұйымдастыруымен “Шын жүректен” қайырымдылық-поэзиялық кеші өтті. ҚазГЗУ қолдауымен өткен іс-шарада ән шырқалып, өлеңдер оқылып қана қоймай, интеллектуалды ойындар да болды. Жеңімпаздарға сыйлық та тарту етілді.

— Кештің негізгі мақсаты еліміздің поэзия сүйер жастарының басын біріктіріп, жас ақындардың беделін арттыру, жастарға өнеге болатын қоғамдық республикалық қауымдастықтың бастауы болу, шығармашылық кештен түскен қаражатты мұқтаж жанға көмек ретінде ұсыну, – дейді А. Базарбай, көмектескеніне көңілі толған күйде ағынан жарылып.

Кештен 150 мың тг ақша жиналды. Демек, мақсатқа жетті.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0