ЖОО-ның білім беру мекемелеріндегі нәтижелі және тиімді жұмыс істеу әдістерін жетілдіруді бағалау 

ЖОО-ның білім беру мекемелеріндегі нәтижелі және тиімді жұмыс істеу әдістерін жетілдіруді бағалау 

 Тақырып өте өзекті. Себебі, қазіргі таңда білім беруді жетілдіру және оның принциптерін қайта қараудың жаңа индикаторлары енгізіліп отыр. Осыған сәйкес жаңа міндеттер мен сапалы контент жасау жоғары оқу орындары мекемелері басшылығыны алдында тұрған басты міндет. Солардың ішіндегі ең негізгісі-жоғары оқу орындарының білім беру мекемелеріндегі нәтижелі және тиімді жұмыс істеу әдістерін жетілдіруді бағалау екені рас. Бұл материалда осы жағын барынша жан-жаөты зерттеп, талдауға тырыстым. Алдағы жазбаларымда да жетілдіріп, әлемдік стандарт бойынша енгізілген жаңа методологиялық нұсқаулықтарды да зерттеп, зерделейтін боламын.

Жоғары оқу орындары білімі беру мекемелеріндегі нәтижелі де, табысты жұмыс істеу индикаторларын түзудің негізгі алғышарттары ұлттық педагогикалық негізімізде жатыр. Олай дейтініміз, ұлттық педогогиканың бұлжымас қағидалары орындалғанда ғана жемісті нәтижеге қол жеткізуге болатындағы ғылыми ортада дәлелденген. Сондықтан, жоғары оқу орындары білімі беру мекемелеріндегі бағалау, тиімді жұмыс істеу тетіктерін енгізу үшін жоғары оқу орны өркениеттілік негізде ғана емес, ұлттық сипат алуы керек. Кез келген жоғары оқу орындары мекемелеріндегі басты міндет, қазақ халқын өз ана тілінде әлемдік мәдени кеңістікке шығару, оқу процесін жаһандық білім беру технологиясымен жетілдіру, бағалу рейтингтерін креативті базалық есептеу құралдарын енгізу бойынша түзу т.с. бұлжымас қағидаларды ескеру арқылы жүзеге асады. Осы шарттар қолға алынғанда, мемлекет пен қоғам алдындағы міндеттер толық үйлесімді жүзеге асады. Бұл форма – білім жүйесінің гумандық, ұлттық мазмұнына әсер етпей қоймайды.

Қазіргі таңда жоғары оқу орындарының сапасы мен тиімділігін анықтайтын обьективті критериилерін табу аса өзекті мәселелердің бірі. Бұрын бұл жүйеде ескі тәсілдер мен кеңестік таптаурын технологиялық әдістер қолданылса, қазір басқаша сипат алып келеді. Жоғары оқу орындарындағы критерийлердің ішінде ең маңыздыларының бірі – оқу орындарының интернеттегі белсенділігін анықтау, профессор-оқытушылар құрамының сапасын бағалау және студенттердің Тұлғалық қасиеттерін жетілдірудегі жаңа инновациялық жобаларды пайдалануды анықтау. Тиімділікті арттырудың осы жүйесі арқылы жоғары оқу орнының бәсекелестік ортадағы орны, мемлекеттік білім беру саясатын жүргізудегі ұстанымы мен қоғамдық сарапшылар мен білім сапасы туралы жүйелі талдау жасауға болады. Қазіргі таңда жоғарыда айтқан критерийлер мен индикаторлар арқылы жоғары оқу орындары мекемелердегі мемлекеттік реттеуді жүзеге асырып жүр. Бұл әлемдік Боллон процесіндегі принциптерге де сәйкес келеді. Осындағы өзекті аспектілер мен білім беру тиімділігін бағалаудың индикторлары туралы бірнеше бағытты атап өтуге болады.

1) Білім сапасын бағалауда сыртқы және ішкі бағалаудың үйлесімділігі

2) Түрлі аккредитациялар: жоғары оқу орындарын аккредиттеу, түрлі білім беру бағдарламалары арқылы мамандандырылған салалық аккредиттеу, халықаралық бағалау, қоғамдық аккредиттеу.

3) Білім беру тиімділігіне қатысты қоғамның көзқарасын өзгерту.

Нақтысын айтсақ, жоғары оқу орындары мекемелеріндегі нәтижелі және тиімді жұмыс істеудің бірізді индикаторы жоқ деп айтуға болады. Бұл жерде білім беру сапасы мен тәрбие деңгейі, осыларды үйлестірудің тетіктеріне қатысты ғана талдау жасау арқылы белгілі бір сұрақтарға жауап ала аламыз. Қазіргі қолданыстағы құжаттарда жоғары оқу орындары мекемелері жүйесінде нәтижелі және тиімді жұмыс істеу әдістері жетістіктер дәрежесі (ғылыми атағы) мен білім берудегі өзіндік ұстаным, ұлттық білім берудің мақсатты  индикаторлары сынды құрамдардан тұрады. Алайда, маңызды бөлшектердің бірі бұл  – жеке педагогтар статусы мен адами капиталдың құрамдас бөлігі, өзін-өзі бағалау көрсеткіштері бойынша кешенді жұмыстар жүргізу механизмдерінен тұрады. Дегенмен, жоғарыда айтылған индиакторлар педагогтың жеке Тұлғалық қасиеті болғанда ғана жүзеге асады. Ол үшін жоғары оқу орындары мекемелеріндегі мемлекеттік білім берудің ұстанымы қоғамдық негіздегі ашықтыққа ұласуы қажет. Бұл, интернет кеңістігі мен әлеуметтік желідегі пікірлермен, ашықтықтың басқа да формалары арқылы жүзеге асатын жұмыс. Бұл көзқарастарды жалпылай алғанда, білім берудің тиімділігін арттыру мен индикаторды енгізуде жаңа технологиялық шешімдерге қол жеткізудің кешенді жоспарына енгізуге болады. Өткен ғасырдың 40 жылдары У.Демингом есімді ғалым бастаған ғылыми ұжым «Сапаны жалпыға ортақ басқару» атты менеджменттің жаңа тұжырымдамасын жасап шығарды. Осы еңбек арқылы жоғары оқу орындары мекемелерінің тиімділігін арттыру мен әдістемелер кешені жасалды. Осыдан кейін сапалы қызмет көрсетудің негізгі индикаторы болатын шешімдер шығарылды. Олар да ғылыми айналымға енгізілді. Ал, 2000 жылдары енгізілген ISO 9001:2000 сапаны бақылау көрсеткіштері жоғары оқу орындары мекемелеріндегі жұмыс істеудің тиімділігі мен әдістемелік нұсқаларына кіріктірілді. Бұл жүйенің тиімділігі жоғары оқу орындары мекемелеріндегі тұтынушы контингенттің біліктілігі мен оларға қызмет көрсетудің сапалық -әдістемелік мазмұнын аша түсуінде. Мысалы, жоғары оқу орындары мекемелері өндіріс орны емес, бірақ, адам капиталын дайындап, қоғамдық прогрессивті өзгеріс жасайтын ұрпақ тәрбиелейтін орта екенін дәлелдеді. Жоғары оқу орындары мекемелеріндегі нәтижелі, тиімді жұмыс істеудің әдістері ең алдымен жүйенің әлеуметтік тиімділігін арттырады. Оның да бірнеше түрлері бар. Олар институционалдық, тәртіптік, экономикалық, ақпараттық, рухани-идеологиялық және жүйелі деп аталады.

Жоғары оқу орындары мекемелерін аккредитациялау (лицензиялы сараптау) Жоғары оқу орындары мекемелеріндегі бюджет шығындарын тиімді пайдалануды бағалаудың индикаторы, басқа да рейтингті бағалаулары,

Жоғары оқу орындары мекемелерінің нәтижелі жұмыс индикаторларын анықтауға білім беру саласында болып жатқан реформалар да әсер етеді. Мысалы, оқытушы-профессор құрамының сапалы, кәсіби маманмен толықтырылуына оқу орындарындағы жүктемелер, оның әлеуметтік статусының ықпалы бар. Бұл, білім беру мекемелеріндегі сапалы көрсеткішке әсер ететін нақты факторлардың бірі. Себебі, ұстаздың жұмыс кестесі мен бөлінген уақытқа байланысты жүктемелері алдағы межеге жетуге кедергі келтірмеуі керек. Осы туралы әлеуметтік сауалнама жасалған. Нәтижесіне қарасақ, жалақының уақытылы берілуі, қызметтік міндеттеріне қатысты т.с. сұрақтар жоғары оқу орындары мекемелерінің тиімді жұмыс істеуіне әсер етеді.

Тиімділік пен жоғары нәтижелі табысқа жету үшін алдымен оқытушы-профессор құрамының әлеуметтік статусы мен кәсіби біліктілігіне қатысты кешенді зерттеу-талдау жұмыстарын жүргізген абзал. Бұл, әлемдік брендке айналған оқу орындарының тәжірибесінде бар үрдіс. Сондықтан, нәтижелі өзгерістерге көшуге адам капиталы дайын ба? Студенттер қоғамдық өмірдің толыққанды мүшесі бола ала ма? Білім сапасының әлеуметтік деңгейі қалай? Осы сынды жаңа талаптарға дайын болған абзал. Әйтпесе, мықты кадрлар жаңа үрдісті ауыр талап деп оқу орнынан кетіп қалуы ғажап емес. Осы мәселелерді оқытушылар жоғары оқу орны мекемелерінің басшылығымен ақылдасып, ашық шешуге, талдауға әзір екенін тәжірибе дәлелдеп жүр. Сауалнамаға қатысұан оқытушылардың көбісі, университет басшылығы кез келген реформаны оқытушы-профессор құрамымен келісе отырып жасаса деген тіліктер жеткізген. Бұл бір жағынан, жоғары оқу орындары мекемелерінің танымалдылық рейтингіне оң әсер етеді деген ойларын жеткізеді. Бұған әрине, оқу орны басшылығы ғана емес, оқытушы-профессорлар құрамы да мәжбүр екенін көруге болады. Мұндай мониторингтік-талдау жұмыстарын нәтижелі еңбекке қол жеткізу үшін пайдалануға болады. Егер бұл талдау-сараптамалық жоба тиімді жүзеге асса, жұмысшылардың осы салаға деген қызығушылығын арттырып, сұранысты күшейтеніні анық. Ол үшін мынадай негізгі басымдықтарды басшылыққа алу керек. Мемлекеттік (муниципалдық) қызмет, қызметкерлердің кәсіби дәрежесін көтеру, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру және еңбек өнімділігінің ашық та, таза жүйесін енгізу. Жалақы  төлеу саясатын модернизациялау.

Респонденттерге өздері алған білім сапасын, білімі мен машықтарын, олардың кәсіби салада жетістіктерге жету барысында тигізген пайдасын бағалауға мүмкіндік беретін бірнеше сұрақтар қойылды. Ғаламтордың әлеуметтік жүйелерінің көмегімен аталған сауалнамаға 18 мыңнан астам адам қатысуға мүмкіндік туғызған ерекше іріктеу жұмыстары жүргізілді. Респонденттердің жалпы көпшілігі белсенділік танытпағанмен, аталған сауалнама бүгінгі күні орын алып отырған жалпы ахуалға қол жеткізуге мүмкіндік берді. Ол білім беру сапасын арттыру мен талдау-мониторинг жүргізуге қатысты ашық сұрақтарға жауап береді.

Қазіргі жаңа уақыт кезіңіне лайықталған қағидаларда жоғары оқу орны мекемелеріне қатысты бірнеше әдістемелік-талдау жұмыстарын қолға алу менің тарапымнан ұсынылады. Осы мақаланы жазу барысында, жоғары оқу орны мекемелерінің жұмысын талдау, тиімділікті арттыруға қатысты жүйелі ақпараттар аз екеніне көзім жетті. Жоғары оқу орындары мекемелерінің нәтижелі және тиімді жұмыс істеу әдістерін жетілдіру принциптері мемлекеттің саяси құрылымындағы өзгерістеріне, қоғамдық сана мен әлеуметтік тұрмыстық индикаторларға да әсер ететінін ғалымдар бірнеше мәрте жазып қалдырған. Мұндай жолмен Батыстың жоғары оқу орындары бірнеше жыл бойы талдау, сараптама жасап өткен. Міне, мұның өзі жүйеге деген жаңа талапты қажет етеді. Себебі, білім беретін жоғары оқу орны мекемелерінің сапалы контингенті ұрпақ тәрбиелеудің негізгі өлшемі болып табылады. Осы арқылы жастардың әлеуметтік мобилділігі, әлемдік даму үрдістерінен қалмауын қамтамасыз етуіне қатысты сұрақтары қамтылады. Педогогика ғылымын зерттеп жүрген мамандардың көбі, жоғары оқу орындары білім беру мекемелеріндегі нәтижелі және тиімді жұмыс істеудің әдістерін жетілдіруді бағалаудың индикаторы ұлттық педагогиканы жандандырып, білім саласындағы менеджментті реформалау керек деген ойды алға тартады. Мәселен, нәтижелі және тиімді жұмыс істеу үшін, нарықтық заңдылықтар қатаң сақталуы керек. Алдымен, оқытушы-профессор құрамы ашық, жария түрде іріктеліп, тұрақты аттестациядан өтіу керек. Бұл бір, екіншіден, оқытушылар мен студенттердің қарым-қатынастарын жетілдіру, олардың Тұлғалық қасиеттерін көзқарастарын дамыту бойынша жүйелі жұмыс атқару. Сабақ беру, оқу әдістемелік инновациялық – технологиялық жаңалықтарды енгізу, цифрландыру технологияларын жетілдіру және ақпараттық технологияларды меңгеруде студенттерден алда тұру сынды сұрақтар кешенді түрде шешілуі тиіс дейді. Жоғары оқу орындардарының білім беру мекемелеріндегі нәтижелі және тиімді жұмыс істеу әдістерін жетілдіруді бағалау бұл оқу орнының негізгі стратегиялық құжатына айналуы тиіс. Осы арқылы жоғары білім берудің озық моделін қалыптастыруға болады. Бұл жастардың ұлттық-мәдениетіне, рухани -адамгершілігіне, эстетикалық және отансүйгіштік тәрбиесіне аса мән беретін критерийлерге жол ашады.

 Айда Балқашбайқызы, КМТИУ атындағы Ш.Есенов магистранты

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0