Сот үкімімен жазалау – қоғамнан алшақтату емес

Елбасының «Ұлт жоспары-100 нақты қадам» атты мақаласындағы 33-қадамының талабына сәйкес 2016 жылдың 30-желтоқсанында «Пробация туралы» заң қабылданып, 2017 жылдан бастап қолданысқа енгізілді.

Құжаттың басты мақсаты – барлық құзырлы органдарды сотталғандарды әлеуметтендіругеміндеттейді.

Құқықтық реформалардың негізі Қазақстандағы сотталғандардың санын азайту, оларды қайта әлеуметтендіру арқылы түзу жолға түсіру.

Ағымдағы жылы Қызылорда облысы бойынша  Пробация қызметінің есебіне 1236 сотталған алынып өткен жылмен салыстырғанда  29 пайыз өскен.

Соңғы 3 жылда жаза өтеу орындарынан босатылып облысымызға келген азаматтардың саны да 2 есеге артты. Сондықтан, сотталғандарды әлеуметтендіруде жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың, оның ішінде жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, білім беру, басқа да қызмет көрсету ұйымдарының қосатын үлесі зор.

Пробация қызметінің есебіндегілердің саны өсуіне қарамастан, облысымызда жұмысқа орналасқандардың саны      екі есеге дейін                           66-дан 28-ге төмендеген.

Орын алған жағдайдың өзекті болуына орай сотты болғандарды әлеуметтендіру мәселесі  27.06.2019ж. облыс прокурорының төрағалығымен  өткізілген  ведомствоаралық мәжілісте қаралды. Өткізілген мәжілісте қойылған талаптардың орындалу жағдайы облыстық прокуратурамен бақылауға алынды.

Ағымдағы жылдың шілде айында облыстық прокуратурамен Байқоңыр қаласында және Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш аудандарында пробациялық есепке алынған және түзеу мекемелерінен босатылған азаматтармен құзырлы органдардың өкілдерінің қатысуымен  кездесу өтті.Үкімет тарапынан бөлінетін жеңілдіктер мен түрлі әлеуметтік көмектердің берілу заңдылықтары түсіндіріліп, пікірлері тыңдалды.

Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарында осы тектес іс-шаралар  шілде айының 31 мен тамыз айының 2 аралығыда жүргізіледі.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша республика көлемінде сотталғандарды жұмыспен қамту оң нәтижесін беруде. Мысалы, Қазалы ауданында пробация қызметі бөлімімен сотталған Ерғалиді 2018 жылы жұмыс іздеуші ретінде тіркеп,  оған «Бастау – бизнес» жобасы аясында 252 500 теңге көлемінде мемлекеттен қайтарымсыз несие берілген.

Аталған несиеге сотталған Қ.Е. үйінің бір бөлмесінен  шаштараз ашып кәсіппен айналысуда.

Сондай-ақ, пробацияқызметінің есебінде тұрған М.И.-дың мектеп жасындағы қыздарына Жаңақорған ауданындағы «Талды-Су» жазғы тынығу лагеріне 10 күнге жолдама берілген.

Осы тектес жұмыстар бүгінгі күні облысымыздың барлық қала, аудандарында қолға алынып, есептегілермен жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын-алуға септігін тигізуде.

Үкімнің орындалуын қадағалау басқармасы

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0