Заңсыз жүрген 120 Қытай азаматы елден шығарылды

Заңсыз жүрген 120 Қытай азаматы елден шығарылды

Қызылорда облысында 2019 жылы 24 мың шетел азаматы уақытша тіркелген. Мұның 94 проценті Өзбекстан Республикасының азаматтары. 10 мыңнан астамы жұмыс істеуге рұқсат алмай, еңбекші мигрант ретінде тіркелмеген.

2018 жылы жүргізілген тексеру нәтижесінде шетел еңбек мигранттарының полиция органдарына ұсынған 1 400 медициналық анықтаманың медицина ұйымдарымен берілмегені анықталды (Жаңақорғанда-500, Қазалыда-334, Қармақшыда-187, Жалағашта-84, Сырдарияда-71, Аралда-37, Шиеліде-36, Қызылорда-137).

ҰҚК-нің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында заңсыз көші қонды ұйымдастырған 2 Қытай азаматы ұсталған.

Сот үкімімен олар бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Сонымен қатар жалған дипломмен жұмыс істеген 120 Қытай азаматы анықталған.

Прокурорлық қадағалау актісімен барлығының рұқсаты кері қайтарылып, 120 Қытай азаматы республика аумағынан шығарылды.

Осыған орай, көші-қон және шетелдік жұмыс күшін тарту заңнамаларының сақталу жағдайы заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық Үйлестіру Кеңесінің 15.11.2019ж. отырысында қаралып, осы бағыттағы ортақ міндеттер мен іс-шаралар айқындалды.

Облыс прокуроры Н.Бижановтың төрағалығымен өткен үйлестіру кеңесінде заңсыз көші-қонмен күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған келісілген ұсыныстар мен іс-қимылдар белгіленді.

Жиын соңында жауапты мемлекеттік органдардың өзара жұмыс атқарудың бірлескен бұйрығы қабылданды.

 Қызылорда облысының прокуратурасы

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0