Інжу – Маржан…

Қазақ бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Әрине, мұның ішінде қыз да бар. Ғасыр көшіне елдің абыроймен ілесуінде қыздың, әйел затының орны зор екенін қазақ ұлты әлімсақтан білген. Сондықтан да тәрбие, тәртіп ретінде «Қызға қырық үйден тыйым» бар. «Қырық үйден тыйымы» болған қыздан сондай санда шырақ жаға алатын ана, әлеуетті әйел шығады десе керек.

Осы күні қазақы тәрбиесін жоғалтпай, ұлтымыздың сол асыл мұратын аласартпай жүрген арлы арулардың, қатқан нан мен қарау су ішеміз бе, әлде басқа ма, не болса да жарыммен бірге көремін деп, ерінің ерттеген өмір-­еріне мінгескен әйелдердің, асыл жүрек аналар мен жеті туысыңда ізі бар жолын білетін жеңгелердің бар екендігі қуантады. Әйтпесе, қазіргі кезде адамды бұзатын аз емес қой.

Сондай үлгілі жанның бірі – Маржан Әбдірасылқызы. Ол ауылда-­ақ асу ала алатындығын байқатқан еді: Түркістан облысындағы Бөген ауылының Б.Кенжебаев атындағы орта мектепті үздік бітірген және «Ордабасы аруы – 2004» байқауының гран при иегері. Асудан асуды алған ол қазір Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрайымының кеңесшісі. Оның Конституция бойынша екінші лауазымдағы адамға кеңесші болуы – ендігі өмірі ел тағдырымен еншілес екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, ол туып-өскен жері – Ордабасы ауданының Құрметті азаматы.

Қызметі сан тарау. Бірақ, үйдегі қызметі біреу: үлгілі жардың үдесінен таймау…

Отағасы – Бауыржан Иманғалиев. Абай атамыз: «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар,

Ата­-ананың қызынан ғапыл қалма» деген. Бауыржан Иманғалиев, осылайша, сондай қыздан «ғапыл қалмаған» адам. Ғалым. “ҚР Ақпараттандыру академиясының Академигі” деген алып атақ иегері. Темірбек Жүргеновті “тірілткен” азамат. Бірнеше кітаптың авторы. Мемлекеттік қызметті кейбіреу «меншіктеуге» тырыссса, бұл кісі түрлі лауазымды абыроймен атқара тұрып,  шығармашылықты шырайландыруға бет бұрды. Сонау Аристотельден келе жатқан ұстаздық қызметті Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде абыроймен жалғастыруда. Ата-анасы елге белгілі де үлгілі жандар.

Екеуі қол ұстасып жүріп, “Мерейлi отбасы-2018” ұлттық конкурсының Алматы қаласы бойынша жеңімпазы атанған. Соның республикалық байқауының финалына дейін жеткен. Аңқимаған адамға аңғарылып­-ақ тұр.

Осындай ойы мұхит, ісі кеме адамның жары болып отырған Маржан Әбдірасылқызы да шығармашылықпен айналысады. Бірнеше кітапқа редактор, корректор болған: «Мұқағали», «Шер», «Темірбек Жүргенов», «Жамбыл» т.б. Бұл қызмет сырттай қарағанда-­ақ, үлкен жауапкершілікті керек ететіні белгілі.

Алты асудың астындағы ауылдан шығып, астанада өрлеген, арғыда ару, бергіде аяулы жар, асыл ана болып отырған Маржанның абыройы арта берсін дейміз. Біздің тарихта, ауыз әдебиетімізде бойында асыл қасиет, сөзінде өсиет бар әйел заты аз кездеспейді: Томирис, Домалақ ана, Айшабибі, Гүлбаршын, Құртқа, Бегім ана және т.б. Маржан Әбдірасылқызы да тарих таңдаған сондай әйелдердің, аналардың бірі болсын деген тілек бар…

 Қ. Нұрғали, ҚР Журналистер одағының мүшесі

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0