Джефф Безос байлығы Орта Азия елдері ЖІӨ-ін қосқандағыдан көп

Джефф Безос байлығы Орта Азия елдері ЖІӨ-ін қосқандағыдан көп

“Амазондық” миллиардер Джефф Безостың байлығы $145,5 миллиардқа да жетті. Байлығы бір күнде $2,5 миллиардқа артты. Егер, байлығы екі күннің бірінде солай өсе берсе, арасында кері кетпей, ұзамай Қазақстанның ЖІӨ-інен асып кетпек. Бір ғана адам – 19 миллионға жуық халқы бар елдің экономикалық жиынтық көрсеткішінен! Шартты түрде алсақ, бүкіл елдің тырбаңдаған ба, адымдаған ба тірлігінің нәтижесінен бір ғана адамдыкы асып тұр. Ал, оның қазіргі байлығы Орта Азия елдері – Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Тәжікстан ЖІӨ-ін қосқандағыдан да артық!
Бұл – еркін ойлы қоғамның бір үлкен нәтижесі немесе елдік деңгейдегі саяси еркіндіктің. Әйтпесе, Д. Трамп кетіп, Джо Байден келсе не болады, тартып алмай ма деп жүрсе, мұндайға жетпес пе еді…
Біздің елде қайсыбір жылы адам капиталы туралы жиірек сөз қозғайтын. Мінберде ғой. Дегенмен, әлі де шикізатты, мұның ішінде мұнайды капитал санаудан аса алмадық…
Халқымыз ешкімнен кем емес. Тек адами мүмкіндікті дер уақытында пайдаланатындай, өз-өзінің әлеуеті, қабілеті қай саламен байланысты екендігін білсе, сол жерде дамытатындай қоғамдық жағдай жасалынбады. Әрине, ішінара кездесер, бірақ, бұл елдік деңгейде емес.

 Құрманғали Нұрғали, ҚР Журналистер одағының мүшесі

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0