С. Трұмов: қала, аудан әкімдері тазалық жұмыстарын әлі реттеген жоқ

С. Трұмов: қала, аудан әкімдері тазалық жұмыстарын әлі реттеген жоқ

 Облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық жиында Серікбай Трұмов өңірдегі елді мекендердің санитарлық тазалық жұмыстарына қатысты сын айтты. Жуырда ғарыштық мониторинг нәтижесінде облыс көлемінде қоқыс үйінділері бар 141 нүкте координаттары анықталды. Олар: Ақтау қаласы бойынша – 69 (қала іргесінде), Мұнайлы ауданы – 56, Тупқараған ауданы – 8, Қарақия ауданы – 7 және Маңғыстау ауданы – 1. Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы  Дүйсен Құсбековтың мәліметінше, қоқыстардың бей берекетсіз шашылып жатуына тұрмыстық қатты қалдықтарды жинайтын контейнерлердің тапшылығы да себеп. Қазір аймақта қалдықтарды жинау және шығару қызметтерімен  21 мекеме айналысады. Оның ішінде Ақтау қаласының 80% тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметімен “Каспий Оперейтинг” ЖШС қамтамасыз етеді.

«Қазіргі таңда облыс  41% қоқыс контейнерлерімен қамтылған. Демек, әлі де 16 819 дана керек деген сөз.  Биыл бұл мәселені шешу үшін Ақтау мен Жаңаөзен қалаларына қосымша контейнер сатып алуға  қосымша қаржы бөлінді», – деді Дүйсен Құсбеков.

Облыста санитарлық талаптарға сәйкес келетін 7 полигон, уақытша орналастыратын 16 қоқыс тастайтын жерлер бар  (Маңғыстау ауданының 7 ауылында және Бейнеу ауданының 9 ауылында орналасқан). Полигондар жағдайының сын көтермейтінін айтқан облыс әкімі басқарма басшысына бұл жұмыстарды жүйелі үйлестіруді тапсырды.

«Облыстағы санитарлық тазалық жұмыстарына қажетті қаражат бөлініп отыр. Алайда, әлі күнге дейін нәтиже көріп отырған жоқпын. Аула,  ауыл, аудан іші қоқысқа толы. Бұл жұмыстарды үйлестірумен қатар тұрғындарды тазалық сақтауға шақыруымыз керек», – деді Серікбай Трұмов.

 Н. Қонжар

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0