С. Саубетовтың өнегелі өмір жолы

С. Саубетовтың өнегелі өмір жолы

Ол еңбек жолын 1960 жылы Таушық автобазасында жүргізуші болып бастаған. 1973 жылға дейін бірнеше автокөлік мекемелерінде жүргізуші, шебер, механиқалық шеберхана меңгерушісі болып қызмет жасады.

Өндірісте маман ретінде өз өнерін нақты мәселелерді шешуде біліктілігін, кәсіби қабілеттілігін көрсете білді. Өндірісте орын алатын мәселелерге қатысты маманның дайындығы жоғары болды, ол тез, аз уақыт ішінде бейімделіп кетті. Кәсіби білікті маман табысты деңгейге жылдам көтерілді.

1974-1976 жылдары Шевченко қалалық ДОСААФ комитетінің төрағасы, 1976-1985 жылдары Манғышлақ автотранспорт өндірістік басқармасында бөлім бастығы,  Шевченко жолаушылар автокөлігі мекемесі бастығының орынбасары, авто парк бастығының орынбасары, № 6 Шевченко жолаушылар автокөлігі мекемесінің бастығы қызметтерін атқарды.

1985-1994 жылдары – Шевченко қалалық таскопаркінің бастыға, «Манғышлақ Мұнайқұрылыс» тресі автобазасының бастығы, АТП-1 мекемесі бастығының орынбасары, Шевченко қалаық таскопаркінің бастығы, «Ақжелең» АҚ-ның президенті.

Жұмыс орнында Сүлеймен ағамыз түсінігі мол, әрі жоғары, қабілетті, білімді, білгір басшы болған. Басшылық қабілетіне қатысты келесі ерекшеліктерін атауға болар еді: өндірісті үйлестіру, дайындау және ұйымдастыру сияқты күрделі функциялары. Инженерге тән машиналар, жабдықтар, жабдықтардың жиынтығын жасау, технологиялық үдерістерді іске асыру және т.б. басқару жұмыстарын атқарды. С. Саубетов жоғары білімді мамандардың әрі қарайғы практикалық білімін, кәсіби машықтығын, іскерлік қасиетін арттырып, ұжымның техникалық, технологиялық және интеллектуалды дамуын қамтамасыз етті.

Соңғы жылдары Мұнайшы, Маңғыстау, МұнайЖолдары серіктестіктерін басқара жүріп, көреген де шебер, салиқалы, жан-жақпен байланысы мол, табыскер өндіріс ұйымдастырушысы бола білді. Сүлеймен Саубетов адамдарға деген жылылығы, қамқорлығы арқасында еңбек ұжымдарында ерекше құрметке бөленді, халық арасында абырой, беделге ие болды.

Ж. Таскинбайкызы, О. Т. Манкешева Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің аға оқытушылары 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0