Қазақстан Ресейге қарата ЕАЭО туралы: “…бірлестікті саясиландыруға қарсымыз”

Қазақстан Ресейге қарата ЕАЭО туралы: “…бірлестікті саясиландыруға қарсымыз”

 Бірнеше күн бұрын Ресей СІМ орынбасары А. Панкин ЕАЭО алдында Батыс санкциясына қарсы біріккен түрде жауап беру ісі күн тәртібіне қойылғанын хабарлады. Бірер күн салып Қазақстан: “…бірлестікті саясиландыруға қарсымыз” деп мәлімдеді. Санкция жекелеген елдерге қарсы бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар: “Қазақстан Республикасы ЕАЭО елдерінің «шоғырландырылған шаралары» туралы басқа мемлекеттердің санкцияларына жауап ретінде ешқандай келіссөздер жүргізбейтінін атап өтеміз” делінген. Бұл туралы ҚР СІМ сайтында жарияланды. Ал, Армения, Қырғыз және Беларусь СІМ-і үнсіз (сайттарында жоқ).

 Әрине, ЕАЭО сондай қадамға барса, Беларуське бұл майдай жағады. Әйтеуір, қазіргі жағдайында солай. Ал, қырғыз елі болса, қысылып тұр. Бүгінгі күйі сондай. Арменияның жайы белгілі. Ресейдің бастан сипауына мүдделі болып қалды.
ЕАЭО-ты саясиландырмауда Қазақстанға үлкен салмақ түсіп тұр. Осы Одаққа желөкпелене ұмтылып несі бар еді?.. Әрине, тепе-тең қатынастағы үлкен рынок сырт қарағанда тиімді көрінеді. Шағын рыногы бар біз секілді ел үшін. Бірақ, Ресейдің қысымға толы саяси ықпалында болып келіп, қайта экономикалық одаққа баруда өте сақ болған жөн еді.
“Азат басың болсын құл,
Қолдан келмес іске ұмтыл” деген бар ғой. Мысалда. Қазақстан қашанға дейін Ресей билігіне ЕАЭО тек экономикалық мақсатта құрылған деп “есіне” салып отырады? Ресей қай уақытқа дейін “түсіністік” білдіреді?

 Сонымен қатар, Ресейге қарсы бағытталған санкция кесірін Қазақстан да тартты. Әлі де тартуда. Беті әрмен, Батыстың тіке санкциясына ұшыраса, ел жағдайы қалай болатынын елестетудің өзі ауыр…

 Қ. Нұрғали

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0