ҚАЗАҚСТАН туралы МӘЛІМ ет​​ –​ жаңа кітап​ жарыққа шықты

ҚАЗАҚСТАН туралы МӘЛІМ ет​​ –​ жаңа кітап​ жарыққа шықты

14-желтоқсан. Turaninform. Жаңа кітап –​ ​”Қазақстан туралы мәлім ет”​​​ жарыққа шықты. Шағын еңбекте еліміз өткен 30 жылдағы әлеуметтік өмір өзгерістері, экономикалық көрсеткіштері мен саяси да жағы қамтылған. Қоғамдық өмірдің қаншалықты өзгергендігін байқатады.
​ Не өзгерді? Озғанымыз немесе кейін кеткеніміз қай жерде? Солар әлеуметтік,​ экономикалық,​ статистикалық зерттеулер, мәліметтер негізінде баяндалған. Рейтинг негізінде көрсетілген.
Егер, 2000-2010жж. және кейінгі 10 жылды салыстыра қарасақ, ел экономикасы, әлеуметтік жағдайы алдыңғы онжылдықта әжептәуір ілгерілепті. Мәселен, төменгі жалақы 5 еседей өскен. Керісінше, соңғы он жылда төменгі жалақы болар-болмас қана өзгерген. Тіпті биылғы жалақы 2011-жылмен шамалас. Орташа жалақы жағдайы да ұқсас. Осының барлығы кітапта есептеле берілген. Сонымен қатар, Қазақстанның ЕАЭО, ТМД т.б. бастап, ӘЛЕМДІК​ қауымдастық елдері арасындағы орнын, қандай деңгейде екендігін білуге болады.
Кітап арқылы мемлекетіміздің осынша бай екенін​ тіпті түйесіз. Шынында, Қазақстан экономикалық өте әлеуетті ел. Өкінішке қарай, үлкен мәселе саяси басқару ісінде жатқандығы байқалады.​..
Кітап – БҰҰ, Бүкіләлемдік банк, Еуропа, АҚШ, Ресей т.б. халықаралық ұйымдар мен мемлекеттердің ресми
дерек көздеріне сүйенген. Әрине, қазақстандық мәлімет көздері де пайдаланылған.

Шағын кітап оқытушылар мен студенттерге, сонымен қатар, Қазақстан тақырыбы қызықтырған әрбір оқырманға арналған.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0