Қазақстан: тоталитаризмнен жартылай авторитаризмге дейін…

Қазақстан: тоталитаризмнен жартылай авторитаризмге дейін…

Өткен ғасырдың 90жж. басында, орта тұс шамасында кей мемлекеттік БАҚ-тың өзі президентті сынай беретін. Сол уақыттағы “Ақиқат”, “Зерде” т.б. ақпарат құралдарында С. Әбділдин, Ғ. Алдамжаров, Ж. Қуанышалин және т.б. саясаткерлердің, саясаттанушылардың Н. Назарбаев туралы сыни пікірлері шығып жататын. Парламент те президент дегенімен жүре бермейтін. Ашық мінеп, кейде сілкілеп алатын. Парламент пен мемлекеттік БАҚ-тың президентті батыл сынап, дегенін жеткізе алуы – тоталитаризмнен шыққан Қазақстан үшін әжептәуір жетістік еді. Тіпті сол кез жартылай авторитаризм саналса да. Себебі, сол бағытпен жүре бергенде, демократияның да төбесі көрініп қалатын. Өкінішке қарай, уақыт өте келе Н. Назарбаев биліктің бүкіл тармағын түрлі әдіспен қолына түсірді. Өзі автократқа, саяси жүйе тоталитаризмге айналды. Билікке тым араласқаны сонша, университет ректорларын да тағайындауға көшті.
Билігінің соңы қалың саяси дағдарыстың нәтижесі – Қаңтар оқиғасымен аяқталды. Өзі кетті. Құрған жүйесі қалды. Ендігі билікті қолына алған Қ. Тоқаев былтыр қыста, көктемде саяси реформаның исін шығарды. Азаматтық қоғамға адымдатып, тоталитаризмнен жартылай авторитаризмге тартатындай сыңай байқатты. Сонау тоқсаныншы жылдарды елестетті. Дегенмен әзір сол да жоқ. Жыл өтті…
Егер, қазіргі президент саяси өмірде елді сол тоқсаныншы жылдардағы жартылай авторитаризмге дейін әкелсе, қоғамның саналы да сауатты бөлігі әрі қарай демократияға алып кетеді деп ойлаймын (ал, сол жолда кездесетін анау-мынау көшпен түзеле береді). Қазақстан саяси-экономикалық дамудың баянды жолына түсті деп сол кезде ғана айта аламыз. Қазір еліміз әлі тоталитаризмде шыр айналып, әрі аса алмай тұр.

 Қ. Қалмахан

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0